25.05.2009, 12:01 1326

Дағдарысқа қарсы кеңес заңнамаға шағын және орта бизнесті тексеру процедурасын жетілдіре түсетін түзетулерді 1 шілдеге дейін дайындауды жоспарлауда

Дағдарысқа қарсы кеңес заңнамаға шағын және орта бизнесті тексеру процедурасын жетілдіре түсетін түзетулерді 1 шілдеге дейін дайындауды жоспарлауда

Алматы. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Дағдарысқа қарсы кеңес заңнамаға шағын және орта бизнесті тексеру процедурасын жетілдіре түсетін түзетулерді 1 шілдеге дейін дайындауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Ұлттық бизнес-форум барысында (National Business Forum) ҚР үкіметінің жанындағы Дағдарысқа қарсы кеңес жетекшісінің орынбасары Райымбек Баталов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Басты мәселелердің бірі - шағын және орта бизнесті тексеру процедурасын жетілдіре түсу. Тексерулерді регламенттеу мәселесі "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңда көрсетіледі деген шешім қабылданды. Бұны біздің басты жеңістеріміздің біріне балаймын", - деді Р. Баталов.

"Тексерулерді регламенттейтін 67 заң мен 8 кодекске түзетулер енгізіледі. Егер біз осыны аяғына дейін жеткізіп, 1 шілдеге дейін түзетулерді енгізе алсақ, онда бизнес-қоғамдастық расында да тексерулерге қатысты жеңілдікті сезіне алады", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны