22.08.2012, 17:52 3475

Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасына 41 кәсіпорын қатысады

Қазақстанда өңірдегі бәсекеге қабілетті ірі кәсіпорынды сауықтыруға бағыттылған дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы жүзеге асырылуда.Бүгінгі күні бағдарламаға 41 жүйеқұраушы ірі компания қатысуда.

Астана. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасына 41 кәсіпорын қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда өңірдегі бәсекеге қабілетті ірі кәсіпорынды сауықтыруға бағыттылған дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы жүзеге асырылуда.Бүгінгі күні бағдарламаға 41 жүйеқұраушы ірі компания қатысуда.

Аталған бағдарлама ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП ХІІІ съезінде айтылған тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

ҚР Қаржы министрлігінің ақпарына қарағанда, қазіргі кезде 22 ірі компания дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасының қатысушылары болған, қалған 19 кәсіпорын бағдарламаның екінші кезеңіне жіберілген.

"Екінші кезеңге жіберілген тағы да 19 компанияның бағдарламаға қатысуы Сауықтыру жөніндегі кеңеске сауықтыру жоспары жіберілгеннен кейін қарастырылатын болады", - деп атап өткен ведомство хабарламасында.

Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы екі кезеңнен тұрады. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде бағдарламаға қатысуға қажетті құжаттар жиналады. Екінші кезеңде кеңесшілердің сауықтыру жоспарын әзірлеуі, оны несиегерлер комитетінің бекітуі, Сауықтыру жөніндегі кеңестің жұмыс органының (Қаржы министрлігі) талдау жасауы, кәсіпорынды сауықтыру және оны бағдарлама қатысушысы деп тану мәселелерін Кеңесте қарау жүзеге асырылады.

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушылар: "Толайым клуб" ЖШС, "MEGA CenterAstana" ЖШС, "MEGA CenterAlma-Ata" ЖШС, "MEGA CenterShymkent" АҚ, "MEGA CenterAktobe" ЖШС, "RaimbekBottlers" ЖШС, "RaimbekAgro" ЖШС, "GoodFoodcompany" ЖШС, "Масло-дел" ЖШС, "Казрос-Бройлер" АҚ, "Инвест Капитал Риэлти" ЖШС, "АБДИ Компани" АҚ, "Интерстройсервис және К" ЖШС, "ТПК "Қарасу" ЖШС, "АҚ Қайын-К" ЖШС, "Жаңабек" ЖШС, "Қараман-К" ЖШС, "Рамазан-Қарасу" ЖШС, "Талды-К" ЖШС, "Қарасу-Астық" ЖШС, "Қойбағар мұнай базасы" ЖШС, "Қойбағар элеваторы" ЖШС. Олардың несиелерін субсидиялау үшін 2 295,3 млн теңге қарастырылған.

Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардан өтінім қабылдау 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылған. 2016 жылға қарай сауықтыру процедурасынан 30-50 жүйе құраушы кәсіпорындар өтеді деп жоспарлануда, бұл кәсіпорындардағы 70% шамасындағы жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы Қазақстан Республикасының тиімді шарттармен айналым капиталын толтырып, жарғылық капиталды ұлғайтуға, мемлекеттік қолдау құралдары түрінде өсуге жаңа серпін алуға және несиелер бойынша сыйақы ставкасын төмендетуге мүмкіндік беретін дағдарысқа қарсы бастамаларының бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны