29.06.2011, 12:10 4101

"Даму" 11 мыңнан астам кәсіпкерлерге жалпы сомасы 551 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті

"Даму" қорының басқарма мүшесі - басқарушы директоры Ғабит Лесбеков Төменгі Саксония делегациясымен өткен кездесуде Қор қызметінің негізгі бағыттары жөнінде әңгімеледі.

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорының бағдарламалары бойынша 11 мыңнан астам кәсіпкерге жалпы сомасы 551 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Даму" қорының басқарма мүшесі - басқарушы директоры Ғабит Лесбеков Төменгі Саксония делегациясымен өткен кездесуде Қор қызметінің негізгі бағыттары жөнінде әңгімеледі. Оның айтуынша, 1 млн-нан астам кәсіпкердің 93 пайызын шағын және орта бизнес субъектілері құрап отыр. Олар шамамен елдің ЖІӨ-нің 32 пайызын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетті халқының 31 пайызын жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр, деп көрсетілген "Даму" қорының хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны