26.02.2009, 15:17 2715

"Даму" қоры екінші деңгейлі банктерге шағын және орта бизнесті қолдауға 117 млрд теңге көлемінде қаржы аударды

"Даму" қоры екінші деңгейлі банктерге шағын және орта бизнесті қолдауға 117 млрд теңге көлемінде қаржы аударды

Алматы. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ екінші деңгейлі банктерге шағын және орта бизнесті қолдауға 117 млрд теңге көлемінде қаржы аударды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтем жасап.

"Қазақстан Республикасының үкімет басшысы мен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ тапсырмасына сәйкес, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жүзеге асырып жатқан шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру жөніндегі тұрақты бағдарламаны 3 траншпен емес бір мәрте аударуға шешім қабалданды", - делінген қор хабарламасында.

"Сөйтіп, 2009 жылдың 25 ақпанында 117 млрд теңге көлеміндегі қаржы толық көлемде екінші деңгейлі банктерге аударылды", - делінген хабарламада.

Атапайтсақ, "АТФ Банк"АҚ 10 млрд теңге, "kaspi bank"АҚ - 6 млрд теңге, "ЦентрКредит Банкі" АҚ - 10 млрд теңге, "Цесна банк" АҚ - 3,3 млрд теңге, "Еуразиялық Банкі" - 3 млрд тенге, "Нұрбанк" АҚ - 8 млрд теңге, "Қазкоммерцбанк" АҚ - 16 млрд теңге, "БТА банк" АҚ - 22 млрд теңге, "Сбербанк России" АҚ - 6 млрд теңге, "Альянс Банк" АҚ - 18 млрд теңге, "Банк Астана Финанс" АҚ - 3 млрд теңге, "Халық банкі" АҚ - 11,7 млрд теңге алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны