28.06.2011, 11:12 3360

"Даму" қоры кәсіпкерлерге несие бойынша жартылай кепілдеме ұсынды

"Даму" қорының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлерінің қауымдастығы "2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру" тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырған.

Алматы. 28 маусым. Kazakhstan Today - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпкерлерге несие бойынша жартылай кепілдеме ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Даму" қорының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлерінің қауымдастығы "2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру" тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырған. Кездесу барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы қаласы бойынша бөлімшесінің директоры жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының басымдыққа ие салалар қатарына жатқызылғанын және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының қатысушыларының қатарына қосылуға әлеуетті екендігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны