05.07.2018, 20:44 4713

"Даму" қоры мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы әріптестік жайлы меморандумға қол қойды

АХҚО - бұл Орталық Азия елдері, Кавказ республикалары, Еуразиялық экономикалық одақ, Таяу Шығыс елдері, Батыс Қытай аумағы, Моӊғолия мен Еуропа елдеріне арналған қаржылық хаб. АХҚО "ЭКСПО-2017" аумағында орналасатын және қазіргі заманғы инфрақұрылымдар мен озық технологияларды пайдаланатын болады.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Дәулет Ибілқайыров пен "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) әкімшілігініӊ Басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ұзақ және орта мерзімді жобалардыӊ жүзеге асу барысына қолдау көрсетуді көздейді. Тараптар елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін инвестиция тарту бойынша халықаралық ұйымдар мен даму институттарымен әріптестік орнатуды көздеп отыр.

"АХҚО-мен бірлесіпҚазақстандағыкәсіпкерліктінасихаттау мен дамытуғабағытталған кешенді шараларды қолға алмақпыз. Бұл - үлкен инновациялық жобаныӊ бір бөлігі. Оныӊ көмегімен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, олар үшін барлық жағдайды жасамақпыз", - деді Д. Ибілқайыров.

"Даму" Қоры мен қаржы орталығыныӊ әріптестігі елдіӊ жеке секторына қаражат тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, АХҚО өӊірдегі алдыӊғы қатарлы қаржы орталығы ретінде Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау шараларына өз үлесін қосады",-деді "Астана" халықаралық қаржы орталығы Басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов.

Құжат аясында Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерініӊ ақпарат алу сапасын арттыруға арналған бірлескен инновациялық жобалар жасалып, қаржы, инвестиция және әлеуметтік ғылымдар саласындағы мамандарды кәсіби түрде оқытуға бағытталған бірлескен білім беру бағдарламалары дайындалады.

"Даму" Қоры - бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы "Бәйтерек" Ұлттық Басқарушы холдингі" АҚ тиесілі. "Даму" Қорыныӊ міндеті - ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету. Баспасөз қызметініӊ тел.: +7 (727) 2445566 (ішкі 1042) сайт: www.damu.kz

АХҚО - бұл Орталық Азия елдері, Кавказ республикалары, Еуразиялық экономикалық одақ, Таяу Шығыс елдері, Батыс Қытай аумағы, Моӊғолия мен Еуропа елдеріне арналған қаржылық хаб. АХҚО "ЭКСПО-2017" аумағында орналасатын және қазіргі заманғы инфрақұрылымдар мен озық технологияларды пайдаланатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны