22.07.2014, 19:34 3025

"Даму" қоры жүк көліктрін сатып алуды субсидиялау бағдарламасын дайындауға ниетті

"Даму" КҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Қазақстанның көліктік саласы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап субсидияланады.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Алматы қаласында қаржыландырудың барынша тиімді шарттары мен отандық отырғыш тартқыштарының тұсаукесері өтті.

Оны ұйымдастырған Қазақстанның "KAZLOGISTICS" тасымалдаушылар одағы, Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығы, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ, "AllurAuto" мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі.

Шараға сонымен қатар Қазақстан Республикасы халықаралық автокөлік тасымалдаушылары одағы, Қазақстан Республикасы автотасымалдаушылар одағы, "БРК-Лизинг", "Сбербанк-Лизинг", "ТехноЛизинг", "IVECOCapital" және өзге де көліктік бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

"Даму" КҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Қазақстанның көліктік саласы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап субсидияланады.

"Біз жүк автокөліктерін сатып алуды субсидиялауға мүмкіндігіне ие болу үшін лизингтік компаниялармен бірлесіп бағдарлама дайындадық. Сонымен қатар жеңілдетілген несиенің салалық жолы кеңейтілмек. 1 қаңтардан бастап субсидияға транспорттық қызмет көрсететін субъектілер ғана емес, оған қоса көлік шығаратындар да өтініш бере алады", - дейді.

Шараға қатысушылар мемлекет тарапынан субсидияланатын сыйақы құны, "Даму" қорының беретін кепілдік көлемі мен жүк АКҚ сатып алу жобасына қаржыландыру құнын арттыру, "Авто-лизинг", "Авто-несие" секілді арнайы қаржыландыру бағдарламаларын құру мәселесінде жүк автокөліктік құралдарды алудаы отандық тасымалдаушыларды қолдау мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның "KAZLOGISTICS" тасымалдаушылар одағы, Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығы, "Даму" кәсіпкрлікті қолдау қоры" АҚ арасында алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты Авто-лизинг", "Авто-несие" секілді арнайы қаржыландыру бағдарламаларын құру мәселесінде жүк автокөліктік құралдарды алудаы отандық тасымалдаушыларды қолдау болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны