02.02.2016, 19:21 4198

"Даму" қорыныӊ жаӊа басшысы тағайындалды

2016 жылғы 1 ақпанда өткен директорлар кеӊесініӊ шешімімен "Даму" қорыныӊ басқарма төрағасы лауазымына Қаныш Тулеушин тағайындалды. Жаӊа тағайындауға дейін Қ.Тулеушин "Бәйтерек" холдингініӊ басқарушы директоры-басқарма мүшесі қызметін атқарды

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингініӊ еншілес ұйымы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорында басқарма төрағасы ауысты. Холдингтіӊ 2016 жылғы 1 ақпанда өткен директорлар кеӊесініӊ шешімімен "Даму" қорыныӊ басқарма төрағасы лауазымына Қаныш Тулеушин тағайындалды. Жаӊа тағайындауға дейін Қ.Тулеушин "Бәйтерек" холдингініӊ басқарушы директоры-басқарма мүшесі қызметін атқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұған дейін "Даму" қорын басқарған Ләззат Ибрагимова "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасыныӊ орынбасары қызметіне ауыстырылды, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Қаныш Тулеушин - "Болашақ" бағдарламасыныӊ түлегі. 2006 жылы Оксфорд Университетін (Оксфорд, Ұлыбритания) үздік тәмамдап, инновациялық менеджменттіӊ магистрі атанды. Сондай-ақ қаржы және кредит мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетініӊ қызыл дипломын алды.

Өз еӊбек жолын 2004 жылы "Темірбанк" АҚ-да бухгалтер-операционист қызметінен бастады. Кейіннен сол банкте есептеу-кассалық бөлімніӊ бастығы болып тағайындалды. Ир жылдары "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ-да консультант, "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-да бас сарапшы қызметтерін атқарды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде Инновациялық саясат басқармасын басқарды. 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігінде еӊбек етті. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаӊа технологиялар вице-министрі болып тағайындалды. 2013 жылдан бастап "Бәйтерек" холдингініӊ басқарушы директоры-басқарма мүшесі болып жұмыс істеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны