07.04.2018, 14:11 6111

Даниал Ахметов: "Барлық заманауи жабдықтар тиімді қолданылуы тиіс"

Бұл ретте аймақ басшысы Өскемендегі облыстық ауруханадағы үш ангиографты мысалға келтірді.

Өскемен. 7 сәуір. Kazakhstan Today -Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов Семейдегі медициналық жедел жәрдем ауруханасында болды. Сапар барысында барлық заманауи құрал-жабдықтар экономикалық мақсаттылығы жағынан тиімді түрде қолданылуы қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы бас дәрігерлер бірегей жабдықтарды алуға талпынбай, қаржыны сауатты жұмсау керектігін нықтады.

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстандағы медициналық мекемелерді қамтамасыз ету үшін 23 миллиард теӊге қажет. Облыс әкімініӊ айтуынша, әлемніӊ орта деӊгейлі стандарттарына сәйкес болу үшін бұл санатқа тек жабдықтар емес, ауруханаға қажетті жиһаздар да кіреді. Сонымен қатар, облыста тиімді қолданылмай тұрған қондырғылар бар. Бұл ретте аймақ басшысы Өскемендегі облыстық ауруханадағы үш ангиографты мысалға келтірді.

- Ирбір ангиограф жалпы өӊірде тұратын 250 мыӊ адамға қызмет ете алады. Яғни, 3 ангиорграф 750 адамды тексеруге қабілетті болғанымен, нәтиже жоқ. Сондықтан ондағы жабдықтардыӊ орынсыз тұрғаны айғақталады, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Бұдан кейін ШҚО әкімі жоспардағы ангиограф орналастырылатын ота жасау бөлмесін аралап көрді.

- Медициналық жедел жәрдем ауруханасыныӊ операциялық бөлімін қайта құрып, гибридтелген ота бөлмесін жабдықтау қажет. Алдағы уақытта мәселе туындамас үшін оны бар ғимараттыӊ ішінде жасау керек, - деді ШҚО әкімі.

Айта кету керек, облыстық денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама жалғасын табады. Оныӊ аясында Семейдегі жедел жәрдем ауруханасы толық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Медициналық қызметкерлерді әлемніӊ үздік емханаларында оқыту ісі де жалғасын табады. Осылайша, өӊірдіӊ бас дәрігері Марат Шорановтыӊ айтуынша, аталған медициналық мекеме барлық халықаралық стандарттарға сай болады.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны