12.10.2017, 16:27 5696

Даниал Ахметов: "Ісіне жауапсыздық танытқан мердігерлер жолды қайта жөндейді"

Жалпы Өскемендегі жолдарды жаӊартуға 8 миллиардтан астам теӊге қарастырылып отыр. Олардыӊ 5,7 млрд. теӊгесі қайта құруға жоспарланса, 1,5 млрд. теӊге орта жөндеуге, 900 млн. теӊге көше-жол желілерін ұстауға бағытталған.

Көкшетау. 12 қазан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов жақында ғана Өскемендегі көшелердіӊ біріне жүргізілген жөндеудіӊ сапасын қатаӊ сынға алды. Қыруар қаржы құйылған жолдыӊ жаӊа жабындысы қалалықтарға ұзақ қызмет ете қоймасы анық. Ісіне салғырт қарағандар енді олқылықтыӊ орнын толтыруға міндетті.

Облыс көлемінде жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарыныӊ барысы талқыға түскен кеӊейтілген аппарат отырысында аймақ басшысы жауапсыз мердігерлер мәселесіне ерекше тоқталды.

- Бажов көшесіндегі істелініп жатқан жұмыста сапа жоқ. Екі жылдан кейін жолдыӊ жағдайы қаз-қалпына түседі. Біз жұмыс ақысын толық төлейміз, ал олар мойындарына алған міндетті толық орындамайды. Арнайы комиссия құрып, учаскеге тексеру жүргізуді тапсырамын. Барлық кемшіліктер жойылуы тиіс, - деді Даниал Ахметов.

Жалпы Өскемендегі жолдарды жаӊартуға 8 миллиардтан астам теӊге қарастырылып отыр. Олардыӊ 5,7 млрд. теӊгесі қайта құруға жоспарланса, 1,5 млрд. теӊге орта жөндеуге, 900 млн. теӊге көше-жол желілерін ұстауға бағытталған. Бүгінде орталық көшелерде орта жөндеу жұмыстары 90 пайызға дейін орындалды, деп хабарлайды ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны