24.01.2018, 14:59 4592

Даниал Ахметов ШҚО сүт өндірісін дамытудыӊ стратегиялық бағыттарын айқындады

Шығыс Қазақстан облысында сүт өндірісін ұлғайтудыӊ негізгі әлеуеті халықтан сүт сатып алу болып табылады. Мұны сүт фермалары мен кооперативтер құру арқылы жасауға болады.

Өскемен. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Даниал Ахметов ШҚО сүт өндірісін дамытудыӊ стратегиялық бағыттарын айқындады және Алматы қаласындағы импорттық сүт өнімдеріне талдау жасауды тапсырды. Ондағы мақсат - қажетті жабдықтар сатып алып, отандық нарыққа шетелден жеткізілетін тауар түрлерін Шығыста шығару.

Шығыс Қазақстан облысында сүт өндірісін ұлғайтудыӊ негізгі әлеуеті халықтан сүт сатып алу болып табылады. Мұны сүт фермалары мен кооперативтер құру арқылы жасауға болады.

- Егер тиімді және ашық сатып алу жүйесі болмаса, ешқашан сүт-тауарлы пункттер, кооперативтер дамымайды. Төлем жоқ болса, неге сатып аламыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Ауыл шаруашылығы басқармасы алгоритм жасап, осыған байланысты ауыл әкімі, ветеринарлардыӊ не істеу керектігін нақтылау керек. Басқарма осы мәселеде қадағалау функциясын атқаруы тиіс.

Халықты сүт өӊдеу кәсіпорындарымен және сүт фермаларымен жұмыс істеуге ынталандыру қажеттігі ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Сондай-ақ, аймақ басшысы субсидия бөлу үрдісіне ерекше назар аудару қажеттігін де жеткізді. Өйткені, 4000 литр сүт пен 20 литр сүт беретін екі түрлі сиыр үшін фермерлердіӊ теӊ деӊгейде субсидия алуы әділетсіз. Алдағы таӊда ШҚО сауылатын сүттіӊ шекті деӊгейін бекітілмек, ал оны орындай алған фермер мемлекеттік қолдауға ие болады.

- Ілгері баспайтын істі неге субсидиялаймыз? Шекті деӊгейді бекіту керек. Мысалы, 4000 литрге жетті ме, сонда ғана облыстыӊ субсидиялары бөлінуі тиіс. Ал ауыл шаруашылығын басқармасы осы бағдарламаны экономика басқармасында дәлелдеп, қорғауы керек, - деп тапсырды облыс әкімі.

Кездесу қорытындысы бойынша аймақ басшысы 2018 жылы Қытайдыӊ экспорттық әлеуетіне назар аудару керектігін атап өтті. Сондай-ақ ірі сүт фермаларын одан әрі дамытуды қолға алып, құрылысымен және қайта құрумен айналысуды жүктеді. Басты мақсат - оларды заманауи жабдықтар жарақтандыру.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны