10.11.2015, 17:48 3950

Дәурен Абаев: Қазіргі таӊда ЕАЭО ортақ валютасы мен есеп айырысу бірлігін құру күн тәртібінде тұрған жоқ

Ақорданыӊ Facebook желісіндегі ресми парақшасында онлайн-брифингте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ баспасөз хатшысы Дәурен Абаев "ҚазАқпарат" ХАА сауалына жауап берді

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - Ақорданыӊ Facebook желісіндегі ресми парақшасында онлайн-брифингте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ баспасөз хатшысы Дәурен Абаев "ҚазАқпарат" ХАА сауалына жауап берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"РФ Мемлекеттік Думасыныӊ ТМД істері жөніндегі Комитет Төрағасы Леонид Слуцкийдіӊ қазіргі уақытта ЕАЭО елдері үшін бірыӊғай есеп айырысу бірлігін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деген сөзіне қатысты не айта аласыз?" деген сауалға Дәурен Абаев: "Қазіргі таӊда есеп айырысу бірлігі мен ЕАЭО ортақ валютасын құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестіктіӊ бір де бір деӊгейінде талқыланып жатқан жоқ", деп жауап берді, еп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны