09.09.2009, 13:18 2934

Депозиттерге кепілдік беру қоры 21 қыркүйектен бастап теңгелік депозиттер бойынша ставканы төмендетпекші (толықтырылған)

Депозиттерге кепілдік беру қоры 21 қыркүйектен бастап теңгелік депозиттер бойынша ставканы төмендетпекші (толықтырылған)

Алматы. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Депозиттерге кепілдік беру қоры 21 қыркүйектен бастап теңгелік депозиттер бойынша ставканы 11,5% дейін төмендетуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің білуімізше, Депозиттерге кепілдік беру қоры шешім қабылдады, 21 қыркүйектен бастап теңгелік депозиттер бойынша ставка 11,5% дейін төмендетілеі. Ал валюталық депозиттер бойынша ставка 8% деңгейінде қалады", - деді Г. Марченко.

"Біз несиелік ставкалар төмендеуге тиіс деп санаймыз. Жалпы алғанда белгілі бір төмендеу байқалып отыр, бірақ бұл негізінен мемлекеттік бағдарламалардың есебінен төмендеді. Сол себепті елімізде бір жағынан депозиттердің өсу және екінші жағынан депозиттердің ставкаларының төмендеу ағымы одан әрі жалғасатын болса, бұл несиелік ставкалардың да төмендеуіне алып келеді. Яғни, мемлекеттік бағдарламалардың есебінен емес, банктердің өздері тартқан қаржысының есебінен берілетін несиелердің де ставкасы төмендемек", - деді Ұлттық банк басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны