17.03.2014, 19:58 2883

Депутаттар ТМРА-ға электр қуатының тариф құрылымын қайта қарауды ұсынуда

"Электр қуатына тариф құрылымын қайта қарап, өңірлік энергетикалық компаниялардың нығайтылуы мен электрмен қаматамасыз ету ұйымдарын қысқарту арқылы алыпсатарлық үстемелерінің тарифы құрамынан шығарып тастайтын уақыт жетті", - дейді С.Ийтімбетов.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сейітсұлтан Ийтімбетов электр қуатына тариф құрылымын қайта қарауды ұсынады.

"Электр қуатына тариф құрылымын қайта қарап, өңірлік энергетикалық компаниялардың нығайтылуы мен электрмен қаматамасыз ету ұйымдарын қысқарту арқылы алыпсатарлық үстемелерінің тарифы құрамынан шығарып тастайтын уақыт жетті", - дейді С.Ийтімбетов.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда электр қуатының тарифі өсімі өзге коммуналдық қызметтерге қарағанда шамамен екі еседей өсті.

"Құзіретті орган мәліметінше, аталмыш тариф құрамына алыпсатарсыз қуат өндіретін электрстанциялары бағасының шамамен 60%-ы кіреді. Ал 6%-ға дейінгісі жүйелі оператор бағасына тиесілі. Ол электр қуатын электр станцияларынан ұлттық энергиясы желісі арқылы беріп, техникалық қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 34%-ы қызмет көрсету мен тұтынушыларға қуатты жеткізетін электрмен қамтамасыз ету ұйымы мен тарату қызметтеріне тиесілі", - дейді.

ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі төрағасы Мұрат Иғалиевтің айтуынша, өткен жылы энергиялық тиімділік шаралары тұтынушыларға 11,6 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берген.

"Құрылғыларды жөндеу мен жаңартудың шаралары нәтижесінде соңғы 10 жылдағы жылу энергиясын өндіруге кететін шығын шамамен 2 еседей азайған", - деп түйіндеді сөзін .

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны