19.02.2009, 19:21 3723

Девальвация жүргізу туралы шешім Қазақстан қор биржасында және банкаралық нарықта сауда-саттық аяқталғаннан кейін қабылданғандықтан биржада АҚШ долларын сатып алу үшін ахуалды пайдалану мүмкін емес болды - ҚР Ұлттық банкі

Девальвация жүргізу туралы шешім Қазақстан қор биржасында және банкаралық нарықта сауда-саттық аяқталғаннан кейін қабылданғандықтан биржада АҚШ долларын сатып алу үшін ахуалды пайдалану мүмкін емес болды - ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Девальвация жүргізу туралы шешім Қазақстан қор биржасында және банкаралық нарықта сауда-саттық аяқталғаннан кейін қабылданғандықтан биржада АҚШ долларын сатып алу үшін ахуалды пайдалану мүмкін емес болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Ұлттық банкінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі кейбір БАҚ-та девальвация қарсаңында жүргізілген валюталық операциялар бойынша жалған ақпараттың таратылуына байланысты ресми мәлімдеме жасайды.

Мәлімдеме мәтінінде айтылғандай, "мәселен, жекелеген БАҚ-та теңгенің девальвациясы қарсаңында Қазақстан Қор биржасында 2 миллиард АҚШ долларының сатып алынғаны көрсетіледі. Осы мәміленің операторы "Альянс банкі" АҚ болыпты-мыс. Бұдан әрі "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ мен "Қазкоммерцбанк" АҚ девальвацияның алдында ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ депозиттерінің кепілдігіне теңгемен кредит алғаны туралы жазады. Сондай-ақ оны девальвациядан кейін, сол арқылы пайда тауып, "жиынтығында 400 миллион долларға жуық бағам айырмашылығында" оны теңгемен қайтарыпты-мыс деп жазады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мақалада сипатталған жоғарыда көрсетілген екінші деңгейдегі банктер жүргізген валюталық операциялардың жалғандығын әшкерелеу үшін Қазақстан Қор Биржасынан ресми деректер ұсынады.

Девальвация жүргізу туралы шешім Қазақстан қор биржасында және банкаралық нарықта сауда-саттық аяқталғаннан кейін 2009 жылғы 3 ақпанда қабылданды. Тиісінше, биржада АҚШ долларын сатып алу үшін ахуалды пайдалану мүмкін емес болды. Дайындау және ендіру бойынша барлық іс-шаралар 24 сағаттан аз уақыт ішінде жүргізілді.

Соңғы апталарда Қазақстан Қор биржасында сауда-саттық көлемінің ұлғаюы байқалды, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаңтарда 3 млрд АҚШ долларын және ақпанның бірінші күндері сөз болып отырғандай 2 млрд. емес, 1,5 млрд. АҚШ долларын сатты.

2009 жылғы 30 қаңтарда "Қазақстанның Халық банкі" АҚ және "Қазкоммерцбанк" АҚ әрқайсысы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ-дан 120 миллиард теңге мөлшерінде сома алды, бұл банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен осы қаражатты кепілге бере отырып та, сол сияқты басқа да кепілдерге 2-ші және 3-ші ақпанда қосымша заемдар алған жоқ. 2-ші ақпанда "БТА банк" АҚ 212 млрд. теңге және "Альянс Банк" АҚ 24 млрд. теңге алды.

30 қаңтар - 3 ақпан аралығындағы кезеңде Қазақстан қор биржасының валюталық секциясында "БТА банк" АҚ аса ірі ойыншы болды, үш күннің қорытындылары бойынша бұл банктің операцияларының көлемі жалпы көлемнің шамамен 27 % құрады.

"Альянс Банк" АҚ барлық көрсетілген мерзімде 20 млн. доллардан сәл ғана асатын соманы сатып алды, бұл операциялардың аз ғана көлемін құрайды.

Бұдан әрі осындай мәлімдемелерді жоққа шығару және алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "БТА Банк" АҚ-ның, "Альянс Банк" АҚ-ның, "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ-ның, "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның 2009 жылғы 2-3 ақпанда "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның валюталық секциясында жасалған мәмілелері туралы мәліметтерді жариялау үшін сұратып алды.

Осылайша, "Альянс банк" АҚ қандай да болмасын мәміленің "операторы" бола алмайтын еді, себебі оның сауда-саттықтарға қатысуы айтарлықтай шамалы болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі "Қазақстанның Халық банкі" АҚ-на, сол сияқты "Қазкоммерцбанк" АҚ-на "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ қаражатының кепілдігімен ешқандай кредит берген жоқ. Сипатталған барлық "операция" жасырын автор қиялының жемісі болып табылады, оны кейбір БАҚ таратып жіберуге асықты.

Осыған байланысты шынайы емес мәліметтер тарататын жекелеген тұлғалардың немесе ұйымдардың іс-әрекетін арандатушылық әрекет, тұтастай алғанда Қазақстанның банк жүйесін тұрақсыздандыруға және жекелеген банктердің беделіне нұқсан келтіруге бағытталған әрекет деп санаймыз.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз тарапынан осындай тұлғалардың және ұйымдардың іс-әрекетін болдырмау мақсатында тиісті құқық қорғау органдарына өтініш жасау құқығы бар екенін мәлімдейді, делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны