28.07.2016, 22:59 5820

Дизель отыныныӊ бөлшек сауда бағасы еркін нарықта литріне 115 теӊгеден аспайды - ҚР Энергетика министрлігі

Дизель отыныныӊ бөлшек сауда бағасы реттеуді алып тастағаннан кейін еркін нарықта литріне 115 теӊгеден аспайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР энергетика вице-министрі Исет Мағауов министрлікте өткен кеӊес барысында.

Астана. 28 шілде. Kazakhstan Today - Дизель отыныныӊ бөлшек сауда бағасы реттеуді алып тастағаннан кейін еркін нарықта литріне 115 теӊгеден аспайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР энергетика вице-министрі Исет Мағауов министрлікте өткен кеӊес барысында.

«Бізде қолдану көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Ирине, мұндай жетіспеушілікті жабу үшін біз есептеп шықтық. Ресейдіӊ көтерме бағасын есепке ала отырып,И салықсыз, дизель отынын әкеле аламыз және оны Ресей Федерациясынан жеткізетін компаниялар Қазақстанда олардыӊ бағасын литріне 115 теӊге деӊгейде қамтамасыз етуі керек. Біздіӊ пайымдауымызша, қосымша көлемдер жеткізу есебінен біз бірінші кезекте, Солтүстік Қазақстанныӊ сұранысын қамтамасыз етеміз. Артық көлемдерді Қазақстанныӊ басқа аймақтарына жібере аламыз, осылайша, күзде тапшылықтыӊ алдын аламыз», - деп мәлімдеді энергетика вице-министр Исет Мағауов.
Энергетика министрлігі елімізде әсіресе егін жинау науқанында Иотын тапшылығыныӊ алдын алу мақсатындаИдизель отыныИбағасын реттеуді алып тастауға бастамашы болды. Елімізде солярка бағасыныӊ төмен болуына байланысты отын Ресей мен Қырғызстанға үлкен ағынмен кетіп жатыр. Ол жақта дизель шамамен екі есе қымбат тұрады.
Осындай реттеуден алып тастау жүргізу қажеттігі туындады деп есептейміз. Бұйрық жобасы біздіӊ министрліктіӊ сайтында орналасқан. Заӊнамаға сәйкес ол 10 күн сонда болып, қоғамдық ұйымдармен талқылаудан өтуі тиіс», -Идеп түсіндірді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны