14.03.2022, 17:55 16041

ҚДКБҚ резервінде өтем төлеу үшін 856 млрд теңге жинақталған

Жинақталған резервтің көлемі жеке тұлғалардың депозиттік базасының шамамен 7%-ын құрайды. Бұл заңнамада көзделген 5%-дық деңгейден жоғары.
НҰР-СҰЛТАН. 14 НАУРЫЗ - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының арнайы резервінде 856 млрд теңге жинақталған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚДКБҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҚДКБҚ өтем төлеу үшін арнайы резервін үнемі толықтырып отырады және кез келген сәтте өзіне міндеттемелер қабылдауға дайын. Бүгінде ҚДКБҚ-ның арнайы резервінде оның жарғылық капиталының 70%-ын қоса есептегенде (ол өтем төлеуге пайдаланылуы мүмкін) 856 миллиард теңге жинақталған. Жинақталған резервтің көлемі жеке тұлғалардың депозиттік базасының шамамен 7%-ын құрайды. Бұл заңнамада көзделген 5%-дық деңгейден жоғары", - деп хабарлады ҚДКБҚ.

 
Заңда белгіленген шекке сай, қазақстандықтардың иелігіндегі шоттардың 100%-ы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігінде тұр. Бұл ретте қазақстандық банктердегі депозиттік шоттардың 99,8%-ы толық көлемде кепілдікпен қорғалған. 
 
2022 жылы қаңтарда теңгелік жинақ салымдар бойынша кепілдік берілген максималды өтем сомасы 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ бір банкте жинақ салымынан басқа депозиттердің және/немесе шетел валютасында депозитінің басқа түрі бар салымшыларға өтемақының жалпы сомасы 20 млн теңгеге дейін көбейтілді. 
 

Теңгелік депозиттердің анағұрлым икемді түрлері, атап айтқанда, мерзімді және мерзімсіз салымдар, ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшалар, сондай-ақ шартты салымдар мен талап етілмелі салымдар бойынша 10 миллион теңгеге дейін кепілдік берілген. Шетел валютасындағы депозиттердің кез келген түрі бойынша кепілдік берілген максималды өтем сомасы – валюта баламасында 5 миллион теңге", - деді қордың баспасөз қызметінде.

 
Бірнеше банкте орналасқан депозиттер жеке-жеке кепілдендіріледі. Бір банкте депозиттердің бірнеше түрі мен валютасы бар, соның ішінде теңгедегі жинақ салымы бар ірі салымшылар үшін Қордың жалпы ең жоғары кепілдігі (депозиттің әрбір түрі үшін жеке белгіленген кепілдік өтемақының ең жоғары мөлшері шегінде) 20 миллион теңгені құрайды.
 
Қазіргі уақытта екі ислам банкін есептемегенде, еліміздің депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қазақстандық екінші деңгейлі 20 банк кіреді. 
 
Бұған дейін Үкімет экономикалық жағдай туралы мәлімдеме жасады деп хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны