25.01.2022, 18:03 24811

ҚДКБҚ теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелерді өсіреді

Бұл өзгерістер 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап енгізіледі және осы күннен бастап, банктер тиісті депозиттік өнімдер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.
ҚДКБҚ теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелерді өсіреді
Сурет: kdif.kz
НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАҢТАР - Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ұлғайған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) артынша мерзімсіз депозиттер бойынша 2022 жылдың қаңтар және ақпан айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді арттырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл өзгерістер 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап енгізіледі және осы күннен бастап, банктер тиісті депозиттік өнімдер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы", - деп нақтылады ҚДКБҚ баспасөз қызметінде.

 
Одан басқа, 2022 жылдың ақпан айына 3, 6 және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер Қордың осы жинақ салымдар бойынша 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап бекіткен мөлшерлемелерге барабар етіп ұлғайтылды. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны