24.12.2015, 16:48 5006

Доллар сәл түсе бастады

Теӊге төртінші күн тұрақтап тұр! Күн санап өскен АҚШ ақшасы бірнеше тәуліктен бері кейін шегініп келеді. Беті бері қараған доллардыӊ бүгінгі бағамы да біршама төмендеген

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Теӊге төртінші күн тұрақтап тұр! Күн санап өскен АҚШ ақшасы бірнеше тәуліктен бері кейін шегініп келеді. Беті бері қараған доллардыӊ бүгінгі бағамы да біршама төмендеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қор биржасында сауданыӊ қызуы басылып қалса керек, доллар бірнеше күннен бері 325-тен аспай, сонысымен жұрттыӊ таӊданысын тудырды. Осыған дейін тек өсумен болған бағамныӊ керісінше күн санап төмендеуі бұл бірінші рет. Бұған дейін көк ақшаныӊ құны 351 теӊгеге дейін қымбаттаған болатын, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны