22.08.2018, 19:37 3993

Доллардыӊ қымбаттауы туристік жолдамалардыӊ бағасына қатты әсер етпейді

Доллардыӊ сәл қымбаттай түсуі үстіміздегі жылғы жаз маусымында туристік ағымға еш кері әсерін тигізген жоқ. Жаздыӊ үш айында 140 мыӊ қазақстандық туркодпен шетелде демалып үлгерді. 2017 жылы 260 мыӊ адам демалған болатын. Яғни алыс шетелде демалуды жоспарлайтын отандастарымыздыӊ саны жыл санап артып келе жатқанын байқауға болады", - деп хабарлайды "Туристік Қамқор" Корпоративті Қоры.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Доллардыӊ қымбаттауына байланысты қазақстандықтар үшін шетелде демалу бағасы айтарлықтай өзгермейді.

"Туристік жолдамалардыӊ бағасы негізінен АҚШ долларымен қалыптасатынын ескерсек, олардыӊ өзіндік құны сәл ғана өзгереді, тек теӊгемен қайта есептегендегі бағасы ғана өсуі мүмкін. Себебі туроператорлар бағаларды қазіргі курспен қайта есептейді, ал доллардыӊ курсы біраз өскені байқалады. Сол себепті туристік жолдамалардыӊ бағасы өскен жоқ, тек оныӊ теӊгемен қайта есептегендегі құны өзгерді деген дұрыс болады. Алайда, доллармен алғандағы жолдамалардыӊ да бағасы бірқалыпты емес. Бағыты, маусымы мен қонақ үйдіӊ жайлылығына қарай бағаныӊ құбылуы қалыпты жағдай.

Доллардыӊ сәл қымбаттай түсуі үстіміздегі жылғы жаз маусымында туристік ағымға еш кері әсерін тигізген жоқ. Жаздыӊ үш айында 140 мыӊ қазақстандық туркодпен шетелде демалып үлгерді. 2017 жылы 260 мыӊ адам демалған болатын. Яғни алыс шетелде демалуды жоспарлайтын отандастарымыздыӊ саны жыл санап артып келе жатқанын байқауға болады", - деп хабарлайды "Туристік Қамқор" Корпоративті Қоры.

"Тамыз айыныӊ соӊында мұсылман әлемінде аталып өтілетін үлкен мерекеге байланысты (Құрбан айт) туристік жолдамалардыӊ бағасы біршама қымбаттайды. Түркия бағытындағы бағалар қыркүйектен бастап төмендей бастайды. Бұл кезде Қазақстанда жаӊа оқу жылы басталады, яғни демалушылар саны күрт азаяды. Қазақстандықтар Түркияны отбасымен демалу үшін таӊдайды. Ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Қыркүйектіӊ соӊында Түркияда бес жұлдызды қонақүйде екі адамға шаққандағы сегіз күндік демалыстыӊ құны 800 мыӊ теӊге болса, Египеттегі тура осындай демалыс 500 мыӊ теӊгеге түспек. Египетте күз бен қыс айларында демалыс бағасы жоғарыласа, Түркиядағы демалыстыӊ бағасы керісінше біртіндеп арзандай түспек", - деп хабарлайды Қордыӊ Баспасөз қызметі.

Соӊғы кездері алаяқ турагенттердіӊ саны көбейіп барады. Олар туристерден жолдамалардыӊ толық құнын жинап алып, аяқасты жоқ болып кетуде. Оныӊ үстіне шетелге демалуға шыққан отандастарымыздыӊ арасында алақол туроператорлардыӊ әрекеттерініӊ кесірінен қонақүйге орналаса алмай, елге қайтуға билеттіӊ сатып алынбау секілді жайсыз оқиғаларына тап болып жатады.

Сол себепті де, "Туристік Қамқор" Қоры шетелге шықпас бұрын алдымен өзіӊіз тоқтайтын қонақ үй бронын, елге кері қайту билеті мен ТУРКОД-ты тексеріп алуға кеӊес береді.

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзініӊ туркодыныӊ нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде 24 сағаттыӊ ішінде көмек күтуге құқылы.

Туркод жеке парақпен немесе жолдамаға жазылып берілуі мүмкін.Олайболмаған жағдайда туроператордыӊ қызметі заӊсыз деп танылады және сіз олардыӊ қызметіне күмәнмен қарап, бірденбастартуға құқылысыз.

Келеӊсіз жағдайға тап бола қалған жағдайда, ТУРКОД сіздіӊ еӊ жақынуақыттағы рейспен елге аман-есен оралуыӊыздыӊ кепілі.

Туроператорға туристік кодты Қор жарна мен (бір турист үшін жарнаныӊ көлемі 1 АЕК - 1202 тг. Ол соманы турист үшін туроператор өзі төлейді) банктік кепілдемелер (12 млн мен 36 млн теӊге аралығында) төленгеннен кейін ғана береді.

Бүгінгі таӊда "Туристік Қамқор" Қорыныӊ құрамына 56 туроператор мүшелікке енген. Олардыӊ тізімімен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Алайда Қазақстанда шетелге шығумен айналысатын ұзын саны 140 компания қызмет етеді. Яғни қалған сексеннен астам туроператор қауіп-қатерге бас тіге отырып, заӊды талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда қызмет көрсетуде деген сөз. Ондайда шетелде демалыста жүрген отандастарымыздыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.

Қазақстанда 2016 жылдыӊ қарашасында заӊнамалық деӊгейде Қазақстан Республикасындағы шетелге шығу туризмі аясында азаматтардыӊ құқықтарына кепілдік беретін "Туристік Қамқор" жүйесі енгізілді.

Қордыӊ бүкіл жұмыс істеген уақытында 507 мыӊқазақстандықтарға туркод берілді.

"Туристік Қамқор" Корпоративті Қорыныӊ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны