16.05.2019, 21:15 10562

Достастық теміржолшылары Хельсинкиде тасымал тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады

2018 жылы ТМД елдері темір жолдары бойынша 2 млрд 32 миллион тоннадан астам жүк тасымалданса, бұл 2017 жылғыдан 1,5% артық. Жүкайналымы 4% өскен.

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 14-15 мамырында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов бастаған делегация Хельсинкиде өткен Достастыққа мүше-мемлекеттер теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 70-ші отырысына қатысты. Отырысқа қатысушылар халықаралық қатынастағы жолаушылар кешені жұмысының 2018 жылғы және 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы, сондай-ақ темір жол желісінің пайдалану қорытындыларын шығарды.

Толықтай алғанда, отырысқа қатысушы-елдер темір жол желілері бойынша жүк және жолаушылар пойыздарының кедергісіз қозғалысын, теміржол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша 10 тарта мәселені қарады және келісті.

2018 жылы ТМД елдері темір жолдары бойынша 2 млрд 32 миллион тоннадан астам жүк тасымалданса, бұл 2017 жылғыдан 1,5% артық. Жүкайналымы 4% өскен.

2019 жылдың бірінші тоқсанында 495 млн тонна жүк тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 0,4% көп. Жүктерді тасымалдау бойынша алған міндеттемелерін асыра орындаған теміржол әкімшіліктерінің қатарында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (+0,6%) да бар.

Бұл ретте Достастық елдер кеңістігінде контейнерлік тасымалдар жедел қарқынмен өсуде: 2018 жылы - 12,8%, 2019 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда - 15,5%.

2018 жылы ТМД темір жолдарымен халықаралық қатынаста жолаушылар тасымалы 18,6 млн адамға жетсе, бұл 2017 жылғыдан 0,7% артық.

Отырыста теміржол көлігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар маңыздылығы мәселелері қаралды. Атап айтқанда, вагон, жолаушылар шаруашылығына қатысты, бірқатар құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақұлданды. Қабылданған шешімдер мемлекетаралық қатынастағы теміржол желісі жұмысының, жүк және жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыру, жылжымалы құрам техникалық мазмұның, жөндеу бойынша жұмыстарды жақсартуға бағытталған.

Отырысқа қатысушылар 2018 жылғы контейнерлер нөмірлік санағының және 2019 жылдағы жүк вагондары санағының қорытындыларын шығарды. 2019/2020 жылдардағы жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесін әзірлеумен байланысты мәселелер де сондай-ақ назардан тыс қалмады.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Душанбе қаласында үшінші Халықаралық жолаушылар форумын өткізу шешімі қабылданды.

Кеңестің келесі отырысы 2019 жылдың қазанында Минскіде өтеді.

Хельсинкиде өткен Достастыққа мүше-мемлекеттер теміржол көлігі жөніндегі кеңестің 70-ші отырысында Қ.Әлмағамбетов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

VR Group компаниясының (Финляндия темір жолдары) президенті Рольф Янсонмен болған келіссөздер барысында Финляндия - Ресей - Қазақстан - Қытай және кері бағыттағы контейнерлік тасымалдауды дамыту, сондай-ақ қазақстандық көмірді экспортқа шығару жайы және де оны Финляндия арқылы транзитпен тасымалдау мәселелері қаралды.

Литва темір жолдарының бас директоры Мантос Бартушкамен кездесуде "Викинг" контейнерлік пойызы мен Транскаспий бағыты (ТМКБ) әлеуетін пайдалану, Клайпеда порты арқылы қазақстандық көмір мен астықты жөнелтуді ұйымдастыру, контейнерлік тасымалдауды еселеудің перспективаларын талқылады.

Екі ел аумағы арқылы жүкағының арттыру үшін қолайлы жағдайлар құру, тасымал көлемін ұлғайту мәселелері "Қырғыз темір жолдары" ҰК" ЖТ бас директоры Қанатбек Әбдікерімовпен болған кездесуде кеңінен сөз болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны