25.06.2008, 13:28 4106

Достық станциясы мен темір жолдың Ақтоғай-Достық бөлігінде әлеуметтік нысандарды салуға 5,2 млрд теңге қаражат жұмсау қажет

Достық станциясы мен темір жолдың Ақтоғай-Достық бөлігінде әлеуметтік нысандарды салуға 5,2 млрд теңге қаражат жұмсау қажет

Алматы. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Достық станциясы мен темір жолдың Ақтоғай-Достық бөлігінде әлеуметтік нысандарды салуға 5,2 млрд теңге қаражат жұмсау қажет, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін "Қазақстан темір жолы" компаниясында өткен аппараттық жиналыс барысында Трансазиялық темір жол магистралі бойынша халықаралық тасымалды қамтамасыз етудегі маңызды буын рөлін атқарып тұрған Достық станциясын кешенді дамыту мәселесі қарастырылған.

Достық станциясы арқылы темір жол тасымалына деген сұраныстың артуына байланысты және ҚР үкіметі бекіткен "2006-2011 жылдарға арналған Достық халықаралық шекара өткелі мен Ақтоғай-Достық темір жол бөлігін одан әрі дамыту бойынша шаралар жоспары" қаулысына сәйкес Достық халықаралық шекара өткелінің сыртқы сауда жүктерінің тасымал көлемінің жылдық жоспары 25 млн тоннаға дейін ұлғайтылды.

"Достық станциясы мен Ақтоғай-Достық бөлігіндегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту шараларына 5,2 млрд теңге сомасындағы қаражатқа еңбек пен демалыстың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін және инженерлік инфрақұрылым үшін нысандар салуды қажет етеді", - деп көрсетілген "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны