27.09.2018, 18:32 4124

ДСҰ Бас директорыныӊ орынбасары Алан Вулф Алматыда дәріс оқыды

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас директорыныӊ орынбасары Алан Вулф ағымдағы жылдыӊ 24 қыркүйегінде Алматы қаласына келу барысында Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды

Алматы. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас директорыныӊ орынбасары Алан Вулф ағымдағы жылдыӊ 24 қыркүйегінде Алматы қаласына келу барысында Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды. Лекцияныӊ негізгі тақырыбы ДСҰ-ныӊ қарқынды дамып келе жатқан заманауи әлемде алатын рөлі туралы болды. ДСҰ бүгінгі таӊда өзекті болып табылатын, сауданы шектейтін протекционистік шаралардыӊ өсуі, қаржы дағдарысы, электронды сауда, қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелерді талқылайтын маӊызды алаӊы болып табылады. ДСҰ-на мүше-елдер, қазіргі заманғы шындықтар Ұйымнан иілімді де заманауи шешімдер қабылдауды талап ететінін, түсінуде. Осыған байланысты ДСҰ мүше-едердіӊ көпшілігі жоғарыда аталған мәселелерге қатысты институциональдық өзгерістерге, саяси еркіндіктерін білдіруде.

Өз сөзінде Алан Вулф Қазақстанныӊ ДСҰ жұмысына белсене қатысып отырғанын ерекше атап өтті. Еліміздіӊ ДСҰ-ныӊ жас мүшесі болып табылатынына қарамастан, Қазақстан ДСҰ жұмысына, атап айтқанда техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру жұмысына қомақты үлес қосуда.

Биыл Қазақстан ДСҰ-ныӊ қызметтерді саудалау ережелерін әрі қарай реформалау жөніндегі келіссөздер тобына жетекшілік жасауда. Қызметтер нарығыныӊ сауданыӊ өсуі үшін әлеуеті орасан зор, тиісініше осы салада сауданы ырықтандыру ДСҰ-ға мүше барлық елдіӊ экономикалық өсуіне серпін бере алады.

Бас директордыӊ орынбасары, ДСҰ атынан Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріне арналған ДСҰ-ныӊ Аймақтық сауда саясатын жүзеге асырудағы жемісті серіктестігі үшін, UIB-ге алғысын білдірді. Аймақтық курстарға 70-тен астам мемлекеттік қызметші қатысты және осы саладағы білімін арттырды. Қорытындылай келе, ол ДСҰ-ныӊ 12-ші Министрлер Конференциясын өткізуші ел ретінде сайлануына байланысты халықаралық сауда жүйесінде Қазақстанныӊ ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Министрлер конференциясы маӊызды шешімдер қабылдайтын, әлемніӊ барлық елдерініӊ сауда саясатына әсер ететін ДСҰ-ныӊ жоғары басшы органы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны