13.01.2014, 19:38 2892

ДСҰ-на енгеннен кейін Қазақстанда жаңа автокөліктерге салынатын баж салығы азаяды - Т. Жақсылықов

"Кедендік баж салығында бірқатар төмендеулер болады, ол кезең кезеңімен жүзеге асады. Қазіргі таңда бізде 30 пайыздық импорттық салым қызмет істейді. Ол жеңіл автокөліктерге арналған, жыл сайын төмендеп отырады. Біз төмендеуге 3 жылдан кейін көшетін боламыз, ДСҰ-ға енгеннен кейін", - деді Т. Жақсылықов.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енгеннен кейін автокөліктердің баж салығы азаяды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

"Кедендік баж салығында бірқатар төмендеулер болады, ол кезең кезеңімен жүзеге асады. Қазіргі таңда бізде 30 пайыздық импорттық салым қызмет істейді. Ол жеңіл автокөліктерге арналған, жыл сайын төмендеп отырады. Біз төмендеуге 3 жылдан кейін көшетін боламыз, ДСҰ-ға енгеннен кейін", - деді Т. Жақсылықов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда екіжақты келісім шарттардың бірқатары орнатылып, жүзеге асуда. Ол Қазақстанның ДСҰ-ға мүше боп кіруіне байланысты АҚШ, Қытай, Жапония, Канада, Үндістан және өзге мемлекеттермен келісім шартқа қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны