20.05.2008, 17:36 2712

Дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындылары бойынша мұнайдың негізгі түрлерінің құны өсе түсті

Дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындылары бойынша мұнайдың негізгі түрлерінің құны өсе түсті

Мәскеу. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындылары бойынша мұнайдың негізгі түрлерінің құны өсе түсті, деп хабарлайды агенттік "ОМТ-Консалт" тобы компаниясының таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Лондонның InterContinental Exchange биржасында маусым айындағы келісім шартындағы солтүстік теңіз мұнайының бір баррель $0,07 жоғарлап $125,06 құрады. Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында келісім шарт бойынша маусым айында жеткізілетін техастың WTI жеңіл мұнайының баррель бағасы $0,76 көтеріліп $127,05 сатылды.

" Қытайдың мұнай өнімдеріне деген тұтыну көлемінің ұлғаюына қатысты мамандардың айтқан болжамдары негізгі қара алтын түрлері бағасының өсуіне себеп болды ", - деп айтылған хабарламада. Ақпарат көздерінің деректері бойынша, жуырда болған жер сілкінісі кезінде елде бірнеше су электрстанциялары, көптеген жол тораптары бұзылды. Осыған орай, ҚХР әуе техникасын белсенді түрде пайдаланып, дизельдік генераторларын арқылы электр қуаты өндірісін ұлғайту жөнінде шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясының мұнай көлемін ұлғайту жөніндегі шешіміне қатысты туындаған күдіктер мұнай бағаларының көтерілуі әсерін тигізді деп есептейді сарапшылар. Естеріңізге сала кетсек, сұраныстың ұлғаюына және бағаның өсуіне орай туындаған алаңдаушылықты төмендету үшін АҚШ президентінің өтініші бойынша, Сауд Арабиясы 2008 жылдың 28 маусымынан бастап мұнайдың бір күндік көлемін 300 мың баррельге көтереді немес 9,45 млн баррельге ұлғайтады. Алайда ОПЕК мүшелерінің пікірінше, мұнай көлемінің ұлғайтылуы оның бағасына әсерін тигізбейді.

Сарапшылардың айтуынша, жақын уақытта мұнай бағаларының қалай өзгеретінін болжау қиын. " Бүгінгі уақытта болашақта қара алтын бағасын болжап айтуға көмек беретін мұнай нарығында сұраныс пен ұсыныс туралы нақты деректер тұмшаланып отыр. Сондай-ақ, Қытай аса жабық мемлекет болғандықтан олар жағдайды күрделендіріп отыр, ал бұл елде мұнайға деген сұраныс қатты өсуде ", -деп жазылған мұнай нарығындағы шолуында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны