14.05.2013, 15:21 4641

Дүниежүзілік банк Қазақстанға әлеуметтік сектордағы энергия үнемдеу жобаларын қаржыландыру үшін 24 млн доллар бөледі

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк таяу арада әлеуметтік сектордағы энергия үнемдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін 24 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарыз туралы келісімге қол қояды, деп хабарлады ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин ҚР Үкіметі отырысында.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік банк Қазақстанға әлеуметтік сектордағы энергия үнемдеу жобаларын қаржыландыру үшін 24 млн доллар бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк таяу арада әлеуметтік сектордағы энергия үнемдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін 24 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарыз туралы келісімге қол қояды, деп хабарлады ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин ҚР Үкіметі отырысында.

"Бүкіләлемдік банкпен бірге біз әлеуметтік сектордағы энергия үнемдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін 24 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат тарттық", - деді Қ.Төлеушин.

Вице-министрдің айтуынша, аталған жоба шеңберінде 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін жыл сайын 20 мектеп, 5 аурухананы жетілдіру жүргізу және елдің әр түрлі өңірлерінде көшені жарықтандырудың 1 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банкпен келісім қол қоюға әзірленуде.

"Бюджеттік секторда ағымдағы мерзімге 580 нысан термомодернизацияланған, 1 мыңнан астам нысанға автоматтандырылған жылу пункттері орнатылған", - деп атап өтті Қ.Төлеушин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны