14.05.2008, 10:55 1300

Дүниежүзілік қаржы дағдарысының ықпалы Қазақстанда тек қана ЖІӨ өсімінің біршама азаюынан ғана көрініс тапты

Дүниежүзілік қаржы дағдарысының ықпалы Қазақстанда тек қана ЖІӨ өсімінің біршама азаюынан ғана көрініс тапты

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік қаржы дағдарысының ықпалы Қазақстанда тек қана ЖІӨ өсімінің біршама азаюынан ғана көрініс тапты. Бұл туралы Қазақстан-Литва бизнес форумының барысында ҚР бірінші вице-премьері Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Дүниежүзілік қаржы дағдарысының барлық салдарын жойып келе жатырмыз деп мен сенімді түрде айта аламын. Бұл тек ЖІӨ өсімінің біршама азаюынан ғана көрініс тапты", - деді Ө. Шүкеев.

"Үкімет пен ұлттық банктің белгілі бір, менің ойымша, дұрыс әрекеттерінің нәтижесінде басқа да салдарлардың болуына біз жол бермейміз", - деп толықтырды ол.

"Біздің нақты сектор салаларының қарқынды өсуі алдағы бірнеше жылдың мәселесі", - деп сендірді премьер-министр орынбасары.

Сонымен бірге, Ө. Шүкеев Қазақстан бизнесінің инвестициялық әлеуетін жоғары бағалады. "Ұлттық бизнестің ел ішіндегі инвестициясы қазірдің өзінде 80 млрд АҚШ долларына жетті. Біздің кәсіпкерлеріміз тартымды инвестициялық жобаларға қосымша 40 млрд доллар салуға дайын", - деп атап көрсетті вице-премьер.

Ө. Шүкеев Қазақстан үшін тамақ өнімдерін өндіру нарығы, ауыл шаруашылығы саласы айрықша тартымды бола бастағанын атап көрсетті. "Біз мемлекет тарапынан осы салаларға белсенді инвестиция салатын боламыз және аграрлық технология дамуында орасан зор табыстарға қол жеткізген мемлекет ретінде сіздерге де Қазақстандағы осы салаға назар аударуға шақырамын", - деп сөзін қорытты Ө. Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны