12.06.2008, 10:15 1393

Дүниежүзілік мұнай өндіру мамырда күніне 86,6 млн баррельге дейін ұлғайды

Дүниежүзілік мұнай өндіру мамырда күніне 86,6 млн баррельге дейін ұлғайды

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) шикізат өндіруді арттыруының арқасында дүниежүзілік мұнай өндіру мамыр айында күніне 490 мың баррельге ұлғайып, күніне 86,6 млн баррельге дейін артты. Бұл туралы 10 маусымда жарияланған Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) есебінде айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ХЭА Интернеттегі сайтына сілтеме жасай отырып.

Есепке сәйкес, мұнай өнімдеріне деген жаһандық сұраныс биылғы жылы орта есеппен күніне 86,6 млн баррельге дейін өседі деп күтіліп отыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүшелікке кірмеген бірнеше елдегі баға субсидиясы қысқартылғаннан кейін аталмыш көрсеткіш оның алдындағы айдан 80 мың баррельге төмен болып шыққан.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, мамыр айында ОПЕК елдерінің шикі мұнай жеткізу көлемі орта есеппен күніне 32,3 млн баррельді құраған және ол күнінен 395 мың баррельге артық. Ол Сауд Аравиясы, Нигерия, Ангола мен Иракта шикізат өндіру көлемінің артуының арқасында іске асқан. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі мұнай қоры 8,1 млн баррельден 2,562 млн баррельге дейін азайған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны