20.10.2006, 14:09 3118

Дүниежүзілік сауда ұйымы бас директоры орынбасарының пайымдауынша, Қазақстан ұйымға қолайлы шарттармен мүшелікке өтеді

АСТАНА. 20-қазан. Kazakhstan Today. Дүниежүзілік сауда ұйымы бас директорының орынбасары Алехандро Хараның пайымдауынша, Қазақстан ұйымға қолайлы әрі ел үшін тиімді шарттармен мүшелікке өтеді.

Бүгін Астанада республика үкімет басшысы Даниал Ахметовпен кездесуде А.Хара осындай сенім білдірді. Ол үкімет басшысына Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарын таныстырды.

Премьер-министр өз тарапынан Дүниежүзілік сауда ұйымының өкілдерін ел экономикасының даму барысымен таныстырып, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесі бойынша ұстанымдарын ортаға салды. Ұйым өкілдерінің елімізге келуі оң фактор, деді Д.Ахметов.

"Қазақстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту тек халықаралық тауар және қызмет нарығына шығуды білдірмейді. Біз үшін бұл еліміздің бәсекелестік қабілетін көтеруге септігін тигізетін қосымша себеп",- деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны