15.05.2008, 17:48 4505

Дүниежүзілік шай нарығында ұсыныс сұраныстан асып кетуі ықтимал - ФАО

Дүниежүзілік шай нарығында ұсыныс сұраныстан асып кетуі ықтимал - ФАО

Алматы. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік шай нарығында ұсыныс сұраныстан асып кетуі ықтимал. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) шай сату проблемасына арналған кездесуде талқыға салуға дайындалған баяндамасында осы жайында хабарланады. Ол кездесу бүгін Қытайда басталды және 16 мамырда аяқталады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

ФАО мәліметтеріне сүйенсек, әлемдік шай нарығында оған деген қызығушылықтың өсу қарқынын басып озатын шай жеткізілімінің өсу үрдісі байқалып отыр. Көптеген адамдар сүйсінетін бұл сусын бағасын ұстап отыр.

Кейінгі жылдары шайды нарыққа жеткізілуін бақылауға алады делінген әртүрлі әрекеттер жасалды. Алайда, олар тиімсіз болып шықты. Қазір шай өндіруші елдердегі шайға деген сұранысты ынталандыруға айрықша назар аудару ұсынылуда. Кейін ол жерлердегі халық шайды онша ұнатпайтын болып шықты. Шай өндіруші елдер жан басына шаққанда шай ішу көрсеткіші жөнінен ең төменгі орындарға орналасқан. Мәселен, Ресейдің бір азаматына орта есеппен алғанда жылына 1,26 кг шай келсе, бір ағылшынға - 2,2 кг-нан келеді. Ал Үндістан мен Қытайда тиісінше 0,65 кг және 0,53 кг.

ФАО сарапшылары алдағы онжылдықта әлемдік шай өндірісі жылына орта есеппен 3 пайыз өсіп, жылына 3,6 млн тонна деңгейіне жетеді деп болжап отыр.

2006 жылы дүниежүзілік шай тұтыну деңгейі оның өндірісіне шамамен сәйкес келетін. Алайда, соңғы жылдары тұтыну деңгейінің өсу қарқыны жылына бар болғаны жалғыз пайызға тең болып отыр. Бұл шай ішу сәннен қалып бара жатқанына дәлел бола алады. Шай өсіретін елдерде шайды тым аз ішеді. Халықты шай ішуге ынталандыру бұл өнімнің сату нарығындағы жағдайды құтқаруы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны