11.02.2014, 19:23 13689

Дүрлікпеге, бағаның себепсіз өсуіне жол бермеу керек - С. Ахметов

"Бүгін Ұлттық банк ұлттық валютаның жаңа бағамы өзгергенін айтты. Бұл орайда Үкімет пен Ұлттық банкке ажиотаж бен бағалардың себепсіз өспеуін қадағалайтын жедел шаралар ұйымдастыру керек. Исіресе, бірінші қажеттіліктегі тауарлардың өспеуін қамтамасыз ету қажет", - деді С. Ахметов.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Үкімет пен Ұлттық банк бірлесе отырып ажиотаж бен баған себепсіз өсуіне жол бермеуі керек. Бұл туралы селекторлық отырыста ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов хабарлады.

"Бүгін Ұлттық банк ұлттық валютаның жаңа бағамы өзгергенін айтты. Бұл орайда Үкімет пен Ұлттық банкке ажиотаж бен бағалардың себепсіз өспеуін қадағалайтын жедел шаралар ұйымдастыру керек. Исіресе, бірінші қажеттіліктегі тауарлардың өспеуін қамтамасыз ету қажет", - деді С. Ахметов.

Бұл орайда Премьер-Министр бірқатар тапсырма берді.

"Үкіметтің экономикалық блогы мен Ұлттық банкке аталмыш оқиғаны бағалап, экономика көлемі мен макроэкономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу керек", - деді Үкімет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны