21.06.2007, 16:27 2871

Душанбе қаласында ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары кеңесінің 17-ші отырысы болып өтті

АЛМАТЫ. 21-маусым. Kazakhstan Today. 2007 жылғы 7-8 маусымда Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің басшылары кеңесінің 17-ші отырысы болып өтті, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердегі операциялық тәуекелдерді басқару мен қадағалауды ұйымдастыру жолдарының мәселелері, ықтимал ысырапқа арналған резервтерді қалыптастыру тәжірибесі, Қоғамдастық елдерінің ұлттық валюталарын пайдалана отырып, Мемлекетаралық банктің төлем тетігі шеңберінде ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің Мемлекетаралық банкпен өзара іс-әрекетінің ықтимал регламенттері, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығына қатысушыларына банкаралық айырбастау операцияларын жүргізу кезінде тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған талаптары, сондай-ақ Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің капитал қозғалысына байланысты операциялар бойынша валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы саясатының негізін құрайтын қағидаттары туралы келісімнің жобасы талқыланды.

Отырыстың нәтижелері бойынша ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерінің ақша және валюта нарықтарының құрылымын дамыту жөніндегі ұсынымы мақұлданды, Ақпараттық ынтымақтастық және жалған ақша жасаумен күрес саласында тәжірибе алмасу туралы келісімге қол қою туралы шешім қабылданды және ЕурАзЭҚ елдерінде қолданылып жүрген ұлттық валюталардың халықаралық жылжымалы көрмелерін ұйымдастырудың 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасы, ЕурАзЭҚ елдерінің қымбат металдардан жасалған коллекциялық монеталарын шығарудың және сатудың 2008-2011 жылдарға арналған халықаралық бағдарламасы және ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері басшыларының кеңесі қызметінің 2007 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны