26.10.2020, 18:30 6740

Е-аккредиттеу 1 600-ден астам субъектіні артық қағазбастылықтан босатады

Е-сертификаттауды осы Заң қабылданғаннан кейін келесі жылы іске қосу жоспарлануда.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Е-аккредиттеу 1 600-ден астам субъектіні артық қағазбастылықтан босатады.

Бүгін, 2020 жылғы 26 қазанда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте сөз сөйледі.

Ол сауда ведомствосының ел Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы айтып, Сауда және интеграция министрлігінің міндеттері не екенін, сондай-ақ сауда мен экспортта қабылданған қадамдардан жағдай қалай өзгеретінін түсіндірді.

Маңызды жоба, цифрландыру және аккредиттеу мен сертификаттау процестерін жетілдіру бойынша - деді сауда министрі.

- Ол аккредиттеу мерзімін қысқартуға және сәйкестікті бағалау саласындағы құжаттарды бұрмалау мен қолдан жасауды жоюға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Б.Сұлтанов. - Бұл міндетті Мемлекет басшысы да алдымызға қойды.

- Министр брифинг барысында шілде айынан бастап біз өтінім беру, қорытындылар беру, шарттарға қол қою процесін цифрландырдылған е-аккредиттеу электрондық жүйесін іске қостық - деп хабарлады.

Күтілетін нәтижелер туралы айта келе, министр "цифрлық форматқа көшу 1 600-ден астам аккредиттеу субъектілерін қосымша құжаттар мен анықтамаларды жинау қажеттілігінен босатуға мүмкіндік береді, өтініш берушілердің уақыты мен қаражатын үнемдейді, сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі орган тарапынан деректерді қайта тексеруді болдырмайды." - деп айтты.

Қазіргі таңда жүйеде 700-ден астам ұйым және 2700 пайдаланушы жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта сертификаттау процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге ревизия жүргізілуде және электрондық сертификаттауды заңдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде: қолданыстағы қағидаларға сәйкес бәрі қағаз түрінде болуы тиіс. "Техникалық реттеу туралы" заң жобасына электрондық сертификаттар, декларациялар және сынақ хаттамалары бойынша нормалар енгізілген. Қазір құжат Парламент талқылауында.

Е-сертификаттауды осы Заң қабылданғаннан кейін келесі жылы іске қосу жоспарлануда.

Сәйкестікті бағалау рәсімдерін цифрландыру және жетілдіру "жалған" сертификаттарды жоюға бағытталған.

Бірыңғай платформада Еуразиялық одақтың жалпы процестеріне одан әрі біріктіре отырып, Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі қалыптастырылады. Яғни, ЕАЭО-ның барлық елдерінің берілген сертификаттары туралы барлық деректер бір жүйеде біріктірілетін болады. Ал тауарларды немесе қызметтерді сатып алушы олардың дұрыстығын тексере алады.

Таяу уақытта экспорттық-импорттық операциялар бойынша Қазақстан Республикасының "Бірыңғай терезе" жүйесі арқылы қазақстандық нысан мен ЕАЭО сәйкестігі туралы сертификаттар мен декларациялар беруді іске қосу жоспарланып отыр. Жүйені Қаржы министрлігі басқарады.

- Сайып келгенде, бұл тұтынушыға сапалы өнім береді, - деп түйіндеді сауда министрі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны