13.01.2020, 17:58 11888

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы электрондық еңбек биржасында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысына талдау жасады

Атырау және Маңғыстау облыстарында жұмыс іздеушілердің ең көп пайызы - әр өңірдегі төрттен бір бөлігі өнеркәсіп, құрылыс, көлік салаларында жұмыс іздейді.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (бұдан әрі - ЕРДО) қызметкерлері 2019 жылғы 4 - тоқсанда электрондық еңбек биржасында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысына талдау жасады. Зерттеу көрсеткендей, бос жұмыс орындарының ең көп саны Қарағанды, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Осылайша, Қарағанды облысында 8,5 мың жұмыс іздеушілермен 19,6 мыңға жуық бос жұмыс орындары байқалды, елордада 3,9 мың орналастырылған түйіндеме болғанда 19,2 мың қызметкер талап етілді, ал Қостанай облысында 2,6 мың адамды ұсынған кезде сұраныс 17,4 мыңды құрады.

Бос жұмыс орындарының ең аз саны Қызылорда (4,8 мың), Солтүстік Қазақстан (5,6 мың) және Атырау (6,1 мың) облыстарында орналастырылды. Осы өңірлердегі ізденушілердің саны тиісінше 4,3 мың, 2,6 мың және 4,1 мың адамды құрады.

"Жалпы, көптеген өңірлерде ізденушілердің басым бөлігі кәсіби мамандар арасында байқалды: Қарағанды облысында, Алматы және Шымкент қалаларында орналастырылған түйіндемелердің жартысына жуығы осы кәсіби топқа жатады. Өндірістік жабдықтар операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер тобына түйіндеменің дәл осындай санын Батыс Қазақстан облысында-44% және Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында шамамен төрттен бір бөлігін орналастырды", - деп атап өтті ЕРДО Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Бұдан басқа, Атырау және Маңғыстау облыстарында жұмыс іздеушілердің ең көп пайызы - әр өңірдегі төрттен бір бөлігі өнеркәсіп, құрылыс, көлік салаларында жұмыс іздейді.

Ақмола облысында ең көп түйіндеме (22,6%) қызмет көрсету және сату саласындағы қызметкерлер тобында орналастырылды.

4-тоқсанның нәтижелері бойынша үміткерлердің ең аз саны жоғары лауазымдарға және мемлекеттік қызметке, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, балық өсіру және балық аулау саласындағы кәсіби жұмысшылар тобына түсті.

2019 жылдың 4 тоқсанына электрондық еңбек биржасында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы бойынша толық талдау мына сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://iac.enbek.kz/ru/node/764.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны