16.03.2020, 18:02 73235

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде 1,2 млн цифрланған шарттар тіркелген

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - E-hr) іске қосылғалы бері 27,1 мыңнан астам ұйым және 1,2 млн цифрланған шарттар тіркелген, олардың 708 мыңы жүйеде тіркелген сәтте қолданыста болған

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - E-hr) іске қосылғалы бері 27,1 мыңнан астам ұйым және 1,2 млн цифрланған шарттар тіркелген, олардың 708 мыңы жүйеде тіркелген сәтте қолданыста болған.

"Жұмыс берушілердің E-hr жүйесіне қатысуы ерікті түрде болады. Қазіргі уақытта тартылған жұмыс берушілер қатарынан - 512 ірі ұйым. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін біз тағы 25 мың жұмыс берушіні тартуды және кемінде 750 мың қолданыстағы және жаңа еңбек шарттарын тіркеуді жоспарлап отырмыз", - деді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Деректерді талдау және өңдеу департаментінің директоры Бақтияр Жазықпаев.

Барлық электрондық еңбек шарттары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Еңбекмині) әзірлеген бірыңғай қоймада сақталады, ал автоматтандырылған кадрлық есептің қосымшалары көп және жұмыс беруші жүйеге қосылу үшін өзіне ыңғайлы ІТ шешімді өз қалауы бойынша таңдайды.

"Жұмыс берушілердің электрондық еңбек шарттарын пайдалану арқылы оларды жалпы дерекқорда тіркеуге мүмкіндігі бар. Бұл азаматтарды жұмысқа қабылдау рәсімін жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді, өйткені құжаттарды қолдан жасау қаупі және оларды қағаз түрінде ұсыну қажеттілігі жоқ. Бұл деректер қызметкердің жеке іс сервисін қалыптастыру кезінде де пайдаланылады. Сонымен қатар, жүйені пайдалану - қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының ашықтығының кепілі", - деп атап өтті Бақтияр Жазықпаев.

Қазіргі уақытта Е-hr жүйесі паспорттық және мекенжай деректерін алу бөлігінде жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқормен, сондай-ақ білім туралы мәліметтерді алу бөлігінде ұлттық білім беру дерекқормен біріктірілген. Алынатын ақпарат, сондай-ақ Жеке іс қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "Электрондық үкімет" порталының жеке кабинетінде, сондай-ақ Smart Astana қосымшасы арқылы E-hr арқылы тіркелген еңбек шарттарын көруге болады.

Еңбекминінде еңбек заңнамасына Е-hr жүйесін енгізу және қолдану жөніндегі түзетулер әзірленді. Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде мақұлданды және Сенаттың қарауында. Түзетулерді 2020 жылдың маусымнан бастап заңды күшіне енгізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны