01.12.2019, 17:06 2734

Еңбек заңнамасын жетілдіру жөніндегі заң жобасында еңбек шарттарын электрондық нысанға аудару бойынша мәселелер көзделген

Жыл басынан жалақы берешегіне жол берген кәсіпорын басшыларына 1 мың 200 ұйғарым беріліп, 136 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстанда еңбек қатынастарын реттеу шаралары туралы айтылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желісі бойынша айтылған ақпаратқа келсек:

Дүниежүзілік экономикалық форумның "Еңбек нарығының тиімділігі" тізбегіне сәйкес Қазақстан 2019 жылы 141 мемлекеттің арасында 25- орынды алды.

Еңбек заңнамасын жетілдіру мақсатында еңбек мәселесі бойынша заң жобасы әзірленіп, Мәжілісіке енгізілді. Заң жобасында жұмыскерлерге лайықты еңбек жағдайларын жасау бөлігінде жұмыс берушілердің міндетімен жауапкершілігін арттыру, еңбек шарттарын электрондық нысанға аудару бойынша мәселелерді көзделеді.

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге ұлғайды.

Жыл басынан бері әлеуметтік жауапкершілік аясында 203 мыңнан астам кәсіпорындар 1,2 млн өз жұмыскерлерлерінің жалақысын 32%-ға көбейтті (46 мыңнан 61 мың теңгеге дейін).

Қазіргі таңда, елімізде орташа жалақы 182 мың теңгені құрайды.

Негізгі мәселелер:

1. Жалақыны уақытылы төлеу

Жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі ерекше бақылауда.

Соңғы 3 жылда жалақы берешегінің өтелуі бойынша оң үрдіс байқалуда. Атап айтқанда, 2018 жылдың басымен салыстырғанда жалақы берешегі 34%-ға немесе 740 млн. теңгеге төмендеп, қазіргі таңда ол 1 млрд. 420 млн. теңгені құрады (2018 жылдың басында 2,16 млрд. теңге).

Жыл басынан берешекке жол берген кәсіпорын басшыларына 1 мың 200 ұйғарым беріліп, 136 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 36 мыңнан астам жұмыскерлердің құқықтары қорғалып, 5,1 млрд.теңге ағымдағы берешегі өтелді.

2. Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу

Еңбек тәуекелдері картасы шеңберінде ағымдағы жылдың қараша айында мониторингпен 170 мыңнан астам жұмыскері бар тәуекел аймағында орналасқан 359 проблемалық кәсіпорын қамтылды.

Соңғы 7 жылда еңбек жанжалдарының саны 3 есеге төмендеді (2013 жылы - 28, 2019 - 9).

3. Шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардағы жағдай.

Қазіргі таңда, шетелдік жұмыс күшін тартатын 2 мың 200 кәсіпорын бар, оның ішіндеге қазақстандықтардың үлесі 96% құрайды.

Жоғарыда көрсетілген еңбек дауларының себептерін ескере отырып, ел Президентінің тапсырмасы бойынша қазақстандық және шетелдік жұмыскерлер арасында жалақы бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде еңбек инспекторлары прокуратура органдарымен бірлесіп 30-дан астам шетелдік жұмыс күшін тартатын 95 кәсіпорындарға қатысты тексеруді аяқтады.

Нәтижесінде, еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 930 факті анықталып жойылды, 474 жергілікті және шетелдік жұмыскерлердің жалақысы сәйкестендірілді.

Тексеру нәтижелері бойынша 681 рұқсаттама кері қайтарылды, 393 шетелдік жұмыскер елден шығарылды.

Министрлік заңнамалық актілерге түзетулер әзірледі, олар:

- әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге және шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға жыл сайын тексеру жүргізуге;

- жыл сайынғы квоталар көлемін, сондай-ақ жұмысшы мамандықтар бойынша шетелдік персоналды тартуды қысқартуға;

- үшінші және төртінші санат бойынша тартылатын шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық кадрлармен ауыстыру бойынша жұмыс берушінің міндеттемелерін енгізуге бағытталған.

Бұл ретте, өңірлер әкімдіктеріне шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны еңбек нарығын жан-жақты зерделеуді жүргізгеннен кейін қалыптастыру және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілердің кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайтуды қамтамасыз ету тиіс.

4. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.

Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнуіне байланысты еңбек инспекторының талабы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін 47 лауазымды адам атқарып отырған қызметінен босатылды.

11 құрал-жабдық, 2 өндірістік нысан және 7 ұйым жұмысы тоқтатылды.

820 іс құқық қорғау органдарына берілді, олар бойынша 116 қылмыстық іс қозғалды.

Бүгінгі күні 2300 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және ұлттық стандарттарды (OHSAS 18001, МОТ-СУОТ) енгізді, 15 мың кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестер жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың маусым айында Женевада Министрлік халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен "нөлдік жарақаттану - Vision Zero" тұжырымдамасын ілгерілету бойынша Меморандум жасасты, оның негізгі мақсаты жазатайым оқиғалар мен зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын қысқарту болып табылады.

Бүгінгі таңда 117 кәсіпорын тұжырымдамаға қосылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны