02.07.2014, 20:18 3293

Е. Досаев: 2013 жылы ЖІӨ 34,1 трлн теңгеге жеткен

"Экономикалық өсімнің орташа жылдық көрсеткішінің 6,4% екенін ескере отырып 2008 жылдық базамен салыстырғанда 2013 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ нақты өсімі 30% құрады. Атап айтар болсақ, осы уақыт аралығында 2013 жылы ЖІӨ 34,1 трлн теңгеге жеткен", - деді министр.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Бүгін ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкіметтің есебінде ҮИИД МБ-нің алдын ала болжамды экономикалық қорытындысын шығарды.

"Экономикалық өсімнің орташа жылдық көрсеткішінің 6,4% екенін ескере отырып 2008 жылдық базамен салыстырғанда 2013 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ нақты өсімі 30% құрады. Атап айтар болсақ, осы уақыт аралығында 2013 жылы ЖІӨ 34,1 трлн теңгеге жеткен", - деді министр.

Одан кейінгі экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін көрсететін бір көрсеткіш еңбек өнімділігі болып табылады.

"2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы экономиканың теңдестірілген құрылымын жасауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталады", - дейді министр.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы мен әлемнің 30 дамыған елі қатарына кіру тұжырымдамасында Сіз экономикалық саясатты жаңарту мен экономиканы әртараптандыру бойынша жаңа міндеттерді алдымызға қойған болатынсыз. Аталған міндеттерді іске асыру барысында 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы маңызды құралға айналмақ", - деді мемлекет басшысына есеп берген Е.Досаев.

Өз сөзінде ол ҮИИД-2 бағдарламасында 6 бағыт бойынша басымдық танытылатынын тілге тиек етті.

"Ең алдымен оны іске асыруда кешенді амал-тәсілдер қолданалды. Индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңі экономиканың теңдестірілген құрылымын жасауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталады", - деп толықтырды өз ойын ол.

Жаға жұмыс орындары елдің экспорттық әлеуеттін арттыратын қайта өңдеу саласында, макроэкономикалық тұрақтылық пен оның өсіміне қаржылық негізді қамтамасыз ететін дәстүрлі шикізат секторы, инновациялық және қызмет көрсету салаларында ашылмақ.

"Бұл ретте көліктік, индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдардың озық дамуына ерекше назар аударған жөн", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны