14.04.2014, 19:36 3273

Е. Досаев 2014 жылы Ұлттық қордың қаржысы қандай мақсатта жұмсалатыны туралы баяндады

"2014 бұл қаржыдан 500 млрд. теңге бөлінеді. Оның ішінде 100 млрд.теңге шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бағытталса, 250 млрд. теңге банк секторын сауықтыруға арналады. Ал, мемлекеттік үдемелі индустриалық инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 150 млрд. теңге жұмсалады", - деп Е. Досаев мәлім етті.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев 2014 жылы Ұлттық қордың қаржысы қайдай мақсатта жұмсалатынын айтып берді.

"2014 бұл қаржыдан 500 млрд. теңге бөлінеді. Оның ішінде 100 млрд.теңге шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бағытталса, 250 млрд. теңге банк секторын сауықтыруға арналады. Ал, мемлекеттік үдемелі индустриалық инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 150 млрд. теңге жұмсалады", - деп Е. Досаев мәлім етті.

Ол атап өткендей, жұмыспен қамту көрсеткішін арттыруда "Жұмыспен қамту жол картасы" басымдылыққа ие. Аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін 2014 жылы 97 млрд. 700 млн. теңге қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны