15.02.2016, 14:19 3749

Е.Досаев: ЭКСПО-2017 нысандарыныӊ құрылысын аяқтауға 85 млрд теӊге бөлiнедi

"ЭКСПО-2017 көрмесiн өткiзу үшiн нысандардыӊ құрылысын уақытында аяқтау мақсатында 85 млрд теӊге бөлiнедi. Сондай-ақ, 60 млрд теӊге көрме контентiн қалыптастырып, IT инфрақұрылымды құру және басқа да шаралар үшiн бөлiнедi",- деп мәлiмдедi министр

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 нысандарыныӊ құрылысын аяқтауға 85 млрд теӊге бөлiнедi. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiӊ кеӊейтiлген отырысында Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ЭКСПО-2017 көрмесiн өткiзу үшiн нысандардыӊ құрылысын уақытында аяқтау мақсатында 85 млрд теӊге бөлiнедi. Сондай-ақ, 60 млрд теӊге көрме контентiн қалыптастырып, IT инфрақұрылымды құру және басқа да шаралар үшiн бөлiнедi",- деп мәлiмдедi министр, еп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Е.Досаевтыӊ айтуынша, 15 млрд теӊге ЭКСПО-2017 аумағындағы тұрғын үй мен сауда ойын-сауық орталығыныӊ құрылысын аяқтау үшiн бөлiнедi.

"10 млрд теӊге ЭКСПО-2017 өткiзiлуiне орай Астана қаласы әуежайындағы терминал құрылысын уақтылы аяқтау және басқа да құрылыс жұмыстарына бөлiнедi", - дейдi Е.Досаев.

Айта кетейік, бүгiн Үкiмет отырысында Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралардыӊ төрт бағытын таныстырды. Олар - бiрiншi бағыт - ақша - несие саясатыныӊ тиiмдiлiгiн арттыру, қаржылық тұратылықты қолдау, екiншi бағыт - "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасы аясында экономикалық қолдау жөнiндегi шараларды кеӊейту, үшiншi бағыт - шағын және орта бизнестi және экономиканыӊ негiзгi салаларын қолдау, төртiншi бағыт - iскерлiк белсендiлiк және халықты қамтуды қолдау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны