10.04.2014, 19:47 3340

Э.Огай: "Қазақмыс" алдағы 5 жылда кен рудасының өндірісін 40%-ға көбейтеді

"Қазақмыс" алдағы 5 жылда кен рудасы өндірісі көлемін 40% көбейтеді. Бұл туралы бүгін "Қазақстандық өнім жасаймыз!" V Форумына арналған баспасөз конференциясында "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай мәлімдеді.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. "Қазақмыс" алдағы 5 жылда кен рудасы өндірісі көлемін 40% көбейтеді. Бұл туралы бүгін "Қазақстандық өнім жасаймыз!" V Форумына арналған баспасөз конференциясында "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай мәлімдеді.

"Бұрындары да айтылғандай, біздің дамытуымыз керек басты кәсіпкерлік - кен рудасы өндірісі. "Қазақмыс" алдағы 5 жылда кен рудасы өндірісі көлемін 40% көбейтеді.Біз руда бойынша өндіріс көлемін бұрынғы 37 млн тоннадан 100 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Ал металл бойынша 40% арттырмақпыз",- дейід Э.Огай.

Оның айтуынша, корпорация алғашқы өнімін келер жылдан бастап шығара бастамақ.

"Тиісінше біз өндірісте шикізат көлемін арттыратын болсақ, онда өңдеушілік қуаттылықты да арттыруымыз керек. Бұл дегеніңіз фабрика құрылысы, жұмыс орындарын ашу, қосымша өндірістер", - дейді корпорацияның басқарма төрағасы.

Жалпы, Э.Огайдың айтуынша, қазақстандық қамтудың ірі пайыздық деңгейіндегі 10 бағыт қарастырылған.

"Корпорация жылына 400 мыңдай бөлшек пен өзге де құрылғыларды сатып алады. Қазір бізбен ресейлік компаниялар жұмыс істейді. Олардың базасында біздің механикалық зауыттар ұсыныстар жасап, Қазақстанда өндіре алатын бөлшектерді ұсынады. Қазірде барынша жан-жақты қарастырылып, ірі инвестицияларды көздеп отырмыз. Аталмыш жұмыс коипанияны өрге сүйреп, машина құрылысы саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікке серпін бермек", - дейді Э.Огай.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны