01.11.2016, 14:38 3257

ЕАДБ Ақтөбе облысындағы газ тарату желілерін жаӊғырту және салу инвестициялық жобасын қаржыландыруға 7,7 млрд теӊге бөлді

Қол қойылған кредиттік келісімге сәйкес ЕАДБ Ақтөбе қаласында автоматты газ тарату станциясыныӊ (АГТС-300) құрылысын салу, Ақтөбе облысыныӊ Комсомол ауылына газ жеткізу құбырын және Ырғыз ауылында ауылішілік газ құбырын салу жобаларына 7,7 млрд теӊге бөлді.

Астана. 1 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласында Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) мен Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ-ныӊ еншілес ұйымы - "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ арасында "Ақтөбе облысыныӊ газ тарату желілерін жаӊғырту және салу" инвестициялық жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі.

Қол қойылған кредиттік келісімге сәйкес ЕАДБ Ақтөбе қаласында автоматты газ тарату станциясыныӊ (АГТС-300) құрылысын салу, Ақтөбе облысыныӊ Комсомол ауылына газ жеткізу құбырын және Ырғыз ауылында ауылішілік газ құбырын салу жобаларына 7,7 млрд теӊге бөлді.

"ҚазТрансГаз" АҚ Қазақстанныӊ аймақтарын газдандыру, қолданыстағы газ құбырларын және газ тарату желілерін жаӊғырту (жаӊарту) және жаӊасын салу бойынша әлеуметтік жобалардыӊ орындалуын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта, газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық оператор бірнеше қаржыландыру көздерін, соныӊ ішінде меншікті қаражатын қолданады, сондай-ақ инвесторларды тартады.

Келешекте "ҚазТрансГаз" АҚ Қазақстан Республикасыныӊ қолданыстағы газ желілерін жаӊғырту және елді мекендерді газдандыру бойынша басқа жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландырубойынша ЕАДБ-мен әріптестікті жалғастыруды жоспарлап отыр.

Анықтама:

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 2006 жылдыӊ қаӊтарында, Ресей және Қазақстанмен қатысушы мемлекеттердіӊ нарықтық экономикасын дамытуға, олардыӊ орнықты экономикалық дамуына және өзара сауда-экономикалық байланыс жасауына жәрдемдесу мақсатында құрылған, халықаралық қаржылық мемлекет болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд долларды құрайды. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы Банктіӊ қатысушы мемлекеттері болып табылады.

"ҚазТрансГаз" АҚ -Қазақстанныӊ газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ топтарыныӊ құрамына газды және оныӊ өнімдерін шығаратын, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны