07.12.2007, 16:50 2878

ЕАДБ БҰҰ бас ассамблеясында бақылаушы статусына ие болды

ЕАДБ БҰҰ бас ассамблеясында бақылаушы статусына ие болды

Алматы. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ ассамблеясы 6 желтоқсанда Еуразиялық даму банкіне (ЕДБ) БҰҰ бас ассамблеясында бақылаушы статусын беру жөнінде қарар қабылдады, деп хабарлайды агенттік ЕАДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ЕАДБ басқармасы төрағасының орынбасары Никита Толстиков атап өткеніндей, БҰҰ бас ассамблеясында банкті бақылаушы ретінде мойындауы, екі бірдей стратегиялық міндетті орындайды. Біріншіден- ресми түрде халықаралық ұйым ретінде мойындаламыз, екіншіден, аймақтарда инвестиция тартудың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік туады. Мұндай статус банк халықаралық қаржы институттарымен тиімді қарым-қатынас жасау, ЕАДБ қатысушы елдерінің инвестициялық жобаларын іске асыруға жол ашады", - деді ол.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ЕАДБ статусы Бас ассамблеясының сессияларына қатысу, онда баяндамалар жасау, БҰҰ қарасты қаржы ұйымдары үшін аймақтық банкаралық, несие- қаржылық тақырыптарға арналған халықаралық шараларға қатысуға мүмкіндігі болады.

"Банктің бақылушы ретінде танылуы БҰҰ мамандырылған мекемелерімен қарым-қатынастарын дамытуға жол ашады: Дүниежүзілік банк, ЮНКТАД, ЭСКАТО и т.б. Бұл бірлескен аймақтық бастамаларды іске асыруға, ұйымдардың тәжірибесін, ЕАБР қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуы мен тұрақтандыруға бағытында пайдалып, олардың арасында сауда-экономикалық байланыстырды нығайтуға болады", - делінген баспасөз хатында.

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, банктің несиелік қоржыны $250 млн, ал казынашылық портфелі $1 млрд жақын. Банк Дүниежүзілік банкпен күрделі жобаларды қаржыландыру, казынашылық активтерді басқару саласында және тікелей инвестиция қорларына бірлескен инвестиция құю жөнінде қарым -қатынастарды кеңейтуді қарастыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны