03.11.2011, 13:17 4389

ЕАДБ "ҚазЭкспортАстық" холдингін қаржыландыруды жалғастыруда

Кеше Алматыда Еуразия даму банкі "ҚазЭкспортАстық" холдингі" АҚ-ын қаржыландыруды жалғастырғандығы туралы хабарлама таратты. Бұл батыстық қор нарығына шығуға дайындық бойынша компания балансының құрылымын оңтайландыру шарасы аясында жүзеге асып отыр. Банк "ҚазЭкспортАстық" холдингіне 5 жыл мерзімге 35,2 миллион доллар ұсынуда.

Алматы. 3-қараша. Kazakhstan Today - Еуразиялық даму банкі "ҚазЭкспортАстық" холдингін қаржыландыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Алматыда Еуразия даму банкі "ҚазЭкспортАстық" холдингі" АҚ-ын қаржыландыруды жалғастырғандығы туралы хабарлама таратты. Бұл батыстық қор нарығына шығуға дайындық бойынша компания балансының құрылымын оңтайландыру шарасы аясында жүзеге асып отыр. Банк "ҚазЭкспортАстық" холдингіне 5 жыл мерзімге 35,2 миллион доллар ұсынуда.

Халықаралық қаржы институты бұған дейін де компанияның 3 инвестициялық жобасын қаржыландырған болатын. Атап айтқанда 2008 жылы ұн өндірісі мен астық экспорты инфрақұрылымын дамытуға 18,9 миллион доллар, 2009 жылы ұн тарту комбинат салуға және оны құрал-жабдықтармен жабдықтауға 18 миллион доллар берді. Ал 2010 жылы майлы дақылдарды қазақстандық өндірушілерден сатып алып, экспорттау үшін 35 миллион доллар ұсынған еді.

"ҚазЭкспортАстық" холдингі" АҚ-ы 1999 жылдың сәуірінде құрылған болатын. Ол Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ең ірі 3 астық компаниясының бірі саналады. Сондай-ақ "Эксперт Қазақстан" журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ірі 100 компанияның ішінде 28-ші орында тұр. 2010 жылы айналымы 304,8 миллион долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны