22.04.2015, 20:32 4468

ЕАЭО елдері 2015 жылы көлік тасымалдарынан 250 миллион доллар үнемдейді

Еуразиялық экономикалық одақтыӊ іске қосылуы барысында 2015 жылы көптеген тасымал түрлерінен үнемделген қаржы көлемі 250 миллион долларды құрайды, деді Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Орталық коммуникациялар қызметінде

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Еуразиялық экономикалық одақтыӊ іске қосылуы барысында 2015 жылы көптеген тасымал түрлерінен үнемделген қаржы көлемі 250 миллион долларды құрайды, деді Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Орталық коммуникациялар қызметінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Көліктік тасымалдарыныӊ тұралап қалмауына жол бермеу - экономиканыӊ бәсекеге қабілеттілігін артыруға бағытталған жүйелі қадамдар болып есептеледі. Қазақстан арқылы үшінші елдерге Ресей теӊіз айлақтары мен темір жол көліктері арқылы жүк тасымалдау барысында ішкі ресейлік тарифтер қолданылуда. Бұл транзиттік емес, керісінше, ресейлік жүк тасымалдаушыларына қойылатын жеӊілдетілген тарифтер",-деді Т.Жақсылықов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ сөзінше, тасымал барысында айтарлықтай қаржы үнемделеді.

"Биылғы жылдыӊ өзінен біз осындай тасымал арқылы 250 миллион АҚШ долларын үнемдегелі отырмыз. Бұл дегеніӊіз біздіӊ экономикамызға қосымша түсім, отандық өнім өндірушілердіӊ кірістері",-деді вице-министр.

ЕАЭО келісімі биылғы жылдыӊ 1-қаӊтарынан бастап күшіне енді. ЕАЭО барлық бағыттар бойынша жаӊғырту, ұлттық экономикалардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындардыӊ әл-ауқатын арттыру мақсатында тұрақты дамуға жағдай жасауға бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны