29.04.2016, 13:37 4890

ЕАЭО елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспорты 379 млн долларды құрады - А.Мамытбеков

ЕАЭО елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспорты 379 млн долларды құрады, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Парламенті Сенатындағы "ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру - заӊнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру" тақырыбындағы парламенттік тыӊдалымда

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - ЕАЭО елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспорты 379 млн долларды құрады, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Парламенті Сенатындағы "ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру - заӊнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру" тақырыбындағы парламенттік тыӊдалымда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі агроөнеркәсіптік кешен экономиканыӊ тұрақты дамып келе жатқан саласы ғана емес, экономикалық тартымды сала болып табылады. Бұл ретте, осынау отандық агросектордыӊ қалыптасуы кезеӊінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері сенімді серіктес бола білді. Соӊғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісініӊ көлемі 41 пайызға ұлғайды", - деді министр, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Өз сөзінде А.Мамытбеков "ауыл шаруашылығы өнімініӊ экспорты 59 пайызға ұлғайып, 2 млрд доллардан асты. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт көлемі 379 млн долларды құрады" деді.

"Ауыл шаруашылығыныӊ негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2015 жылы 167 млрд теӊгеге дейін немесе шамамен 3,4 есеге ұлғайды", - деді ведомство басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны