08.07.2014, 20:55 3940

ЕАЭО шарттарындағы бизнестің дамуы форумда талқыланды

Петропавлда ЕАЭО шарттары жағдайында шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне бойынша өңіраралық бизнес-форум өтті. Оған Қазақстанның 4 өңірінің, атап айтар болсақ Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Ақмола облысы кәсіпкерлері қатысты.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Петропавлда ЕАЭО шарттары жағдайында шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне бойынша өңіраралық бизнес-форум өтті. Оған Қазақстанның 4 өңірінің, атап айтар болсақ Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Ақмола облысы кәсіпкерлері қатысты.

"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметінше, Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Ғалия Жолдыбаева 2 млн 600 мың қазақстандықпен кәсіпкерлікпен айналысатынын айтқан. Бұл дегеніңіз шамамен еңбекке қабілетті тұрғындардың 31 пайызын құрайды. Ирине, бұл әлі де болса да аз. Сол себепті "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын кеңінен тарату керек.

Сонымен қатар форумда алдағы күндері қолға алынуы тиіс мәселелер көтерілді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО енетінімізді ескерсек, бұл кәсіпкерлік саласы үшін уақыт күттірмес мәселе болып табылады.

"Шара дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бізге қосымша нарықтардың басым бағыттары қызығушылық тудырады. Мысалға біздің кәсіпкерлік бұрындары темір жол құрылғыларын шығарумен айналысты. Бұл стратегиялық сала. Біздің ойымызша, мемлекеттің қатысуына кемінде 5-7 жыл қажет. Осыдан кейін ғана еркін нарық туралы сөз қозғауға болады. Содан кейін ғана нақты артықшылықтар мен пайда көріне бастайды. Және де осы орайда Ресей мен Беларусь кәсіпкерліктерімен тікелей бәсекелес екенімізді бір сәтке де естен шығармауымыз қажет", - дейді "Format Mach Company" ЖШС директоры Александр Янбулатов.

Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнестің дамуына келер болсақ, ҮИИД МБ бірінші бесжылдығын іске асыруда айтарлықтай жетістіктер байқалады. Ендігі жұмыстар екінші бесжылдыққа бағытталған.

"Бүгінге дейін 105-тей жобаны қолға алдық. Егер 5 жыл ішінде Индустрияландыру картасына 37 млрд теңгелік 31 жоба енгізілсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 105-ке жетіп, соның 15-і мақұлданып, нақты іске кірісті. Олардың құны жалпы есеппен 200 млрд теңге шамасында. Біз сан жағынан бірінші бесжылдыққа қарағанда 3 есеге көбейттік. Ал сапа жағынан тіпті 6-7 еселік өсім бар", - дейді СҚО әкімінің орынбасары Ерлан Иукенов.

Өңірлік бизнес-форумы барысында көншілік алдында сөз алған Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Ғалия Жолдыбаева 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының барлық құралдары өзгеріске ұшырамайды. Сонымен қатар ҮИИД МБ бойынша субсидиялау мемлекет тарапынан 10 пайыз деңгейінде ұсынылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны