08.09.2016, 23:18 3846

ЕАЭО-да өзара сауда 2017 жылы 15 пайызға ұлғаяды

Дайындалған құжаттарға сәйкес болжамдық кезеӊде ауыл шаруашылық өндірісініӊ өсімі 8%-ды құрайтын болады, экспорт - 19%, өзара сауда - 15%. Негізгі азық-түлік тауарларыныӊ орташа деӊгейі 2017 жылы 94% -ға дейін ұлғаяды

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Еуразиялық экономикалық комиссия Кеӊесініӊ бұйрығымен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша 2016-2017 жылдарға арналған ауыл шаруашылығындағы бірлескен болжамдардыӊ мәселесі мақұлданды.

Дайындалған құжаттарға сәйкес болжамдық кезеӊде ауыл шаруашылық өндірісініӊ өсімі 8%-ды құрайтын болады, экспорт - 19%, өзара сауда - 15%. Негізгі азық-түлік тауарларыныӊ орташа деӊгейі 2017 жылы 94% -ға дейін ұлғаяды.

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен бойынша Алқа мүшесі Сергей Сидорскийдіӊ айтуы бойынша, бірлескен болжамдар ауыл шаруашылығы өндірісініӊ даму динамикасын және бағытын бағалауға мүмкіндік береді.

Баспасөз қызметініӊ мәліметі бойынша, құжатта өндірістік, сауда-экономикалық және агроөнеркәсіптік кешенін дамытудыӊ әлеуметтік талдаулары ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны