12.03.2014, 20:35 5758

ЕЭК делегациясы БҰҰ Статистикалық Комиссиясының жыл сайынғы сессиясына қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы статистика департаментінің директоры Юрий Шокамановтың төрағалығымен БҰҰ Статистикалық Комиссиясының жыл сайынғы 45-ші сессиясына қатысты, ол Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өтті.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы статистика департаментінің директоры Юрий Шокамановтың төрағалығымен БҰҰ Статистикалық Комиссиясының жыл сайынғы 45-ші сессиясына қатысты, ол Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өтті.

Сессия барысында ресми статистика жетекшілігін дайындау бойынша, ауқымды статистикалық өлшеу, құжат дайындау және халықаралық сауда мен экономикалық жаһандану, ақпараттық-коммуникациялық көрсеткіштерді құрылымдау, СНС-2008 енгізу, халықаралық ұқсастықты кезекті раундын өткізу, ағымдағы және өзге стратегиялық дамуды жүзеге асыру қарастырылды.

Сессия алаңында БҰҰ Статистикалық Комиссиясының 20 жылдық қолдауына орай салтанатты жиын болып өтті. Ол Бас Ассамблеяның қолдауымен 29 қаңтар күні қабылданған болатын. Ол белгілі мідеттерді ұстанады, деп ЕЭК ресми сайты хабарлады.

Юрий Шокаманов БҰҰ Статистикалық бөлімінің жетекшісі жетекшілігімен, ТМД Еуростат Статкомитеті, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Армения елдерінің статистикалық қызмет өкілдерімен кездесті. Тараптар екі жақты ынтымақтастық қарым-қатынасын дамыту туралы келісті.

"БҰҰ Статистикалық Комиссия сессиясы жұмысына қатысу ұлттық статистикалық қызмет, халықаралық ұйымдар мен статистика саласында қызмсет ететіндермен кездесуге мүмкіндік береді. Статистиканың заманауи ағымында болу өте маңызды, халықаралық шараларға қатысу бұл саланы дамыта түспек", - деді Ю. Шокаманов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны