09.04.2015, 17:26 4399

ЕЭК ЕАЭО елдері үшін алдағы 2-3 жылдыӊ көлемінде роуминг қызметініӊ тарифтерін арзандатуды қарастырмақ

Халықаралық байланыс қызметі нарығында Еуропалық Одақ тәжірибесі негізінде ЕАЭО мемлекеттері үшін роуминг қызметініӊ бағаларын бірте-бірте төмендете отырып, түбінде тегін ету мәселесі қарастырылуда.

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін 2-3 жылдыӊ көлемінде роуминг қызметініӊ тарифтерін төмендетпек, деді Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ (ЕЭК) бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқасыныӊ мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергенов "ЕАЭО пен Қазақстанныӊ монополияға қарсы заӊнамалары" атты форумныӊ аясында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халықаралық байланыс қызметі нарығында Еуропалық Одақ тәжірибесі негізінде ЕАЭО мемлекеттері үшін роуминг қызметініӊ бағаларын бірте-бірте төмендете отырып, түбінде тегін ету мәселесі қарастырылуда.

"Қазіргі таӊда ЕЭК арнайы жұмыс тобын құрды. Өйткені биылғы жылдыӊ 1-қаӊтарынан бастап, трансшекаралық нарықты бақылау өкілеттігі берілді, ал роуминг трансшекаралық нарық, сол себепті біз осы мәселе бойынша тиісті жұмыстарды бастадық. Бұл жұмыстарды талапқа сай жүзеге асыру үшін бірқатар заӊнамалар мен заӊнамалық актілерге өзгерістер енгізу қажет болады, ал оған уақыт керек. Дегенмен, біздіӊ алдын ала жасаған есептеріміз бойынша, алдағы 2-3 жылдыӊ көлемінде біз мәселені шешіп, жұмысы аяқтаймыз деген ойдамын",-деді Н.Алдабергенов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Аталмыш шара жұмыс күштері мен бизнестіӊ ЕАЭО аясында еркін қимылдап, телекоммуникациялық жүйелердіӊ дамуына ықпал етеді.

"Еуропалық тәжірибеге зер салатын болсақ, 2015 жылдан бастап роуминг қызметі оларда тегін болуға жақындап қалды. Басқаша айтқанда, Еуропа бұл мәселені шешті, сол себепті біз де өзіміздіӊ монополияға қарсы күрес қызметімен бірге бұл міндетті сәтті жүзеге асырамыз деген ойдамын",-деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны