Система Orphus

Егер сіз Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік иесі болсаңыз

12.03.2020, 23:59 2296

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағының 4, 11 және 12-тармақшаларына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияны мынадай резидент-салық төлеушілер, соның ішінде:

- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден кірістер алған жеке тұлғалар;

- есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар (2019 жыл үшін 356 025 тенге);

- есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлік бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар: шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (құқықтары және (немесе) мәмілелері) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік; эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар тұлғалар тапсырады.

Жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.

Салық кодексінің 208-бабы 3-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:

1) келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті қоспағанда);

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы - қағаз жеткізгіште;

3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынылады.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны, сонымен бірге оны толтыру ережелерімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының (http://kgd.gov.kz) "Заңнама" - "Салық есептілігінің нысаны" бөлімінде танысуға болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны